Басты бет Жаңалықтар Астанаға жақында кунг-фу жауынгерлері келеді

Астанаға жақында кунг-фу жауынгерлері келеді

11-13 тамыз аралығында Астанаға кунг-фу жауынгерлері келеді. Олар көрермендер назарына Kungfu revelations. 9 Scrolls (кунг-фу сыры) қойылымын ұсынады.

©Baq.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Kungfu revelations – жанға жайлы жақсы терапия әрі демалыс. Өйткені шоуға қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылаған кезде адамның денесі босаңсып, ол өзінің жаны мен тәнінің жаңа қырларын тани бастайды.

Астана, кунг-фу
©Baq.kz

Шоу кезінде артистизм элементтерімен аралас дәстүрлі қытайлық жекпе-жектер көрсетіледі. Бұл — ежелгі қоян-қолтық ұрыстың мүлдем жаңа бір түрі.

Айта кетейік, Kungfu revelations Шанхайда өткен «ЭКСПО-2010» көрмесінің визит картасы болған.

Шоу «Астана» концерт залында өтеді. Билеттердің кұны 700 теңгеден 2000 теңгеге дейін. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version