Басты бет Жаңалықтар Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірді

Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымына кірді

Бүгін Астанада өтiп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитi барысында Үндiстан мен Пәкiстан аталмыш ұйымға мүше болып қабылданды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы

«Астанада 12 жыл бұрын екi елге ШЫҰ-ға бақылаушы мәртебесiн беру туралы шешiмге қол қойылды. Бұл елдер – Үндiстан мен Пәкiстан Ислам Республикасы. Бiздiң отырысымыздың маңызы мен тарихи мәнi — бұл елдердiң бiздiң ұйымда (ШЫҰ-агент.ескерт) алғаш рет қатысуында. Осылайша, ұйым кеңеюде. Ендi ШЫҰ жауапкершiлiк аймағы 3 млрд-тан астам адам тұратын аумақты, әлемнiң жалпы iшкi өнiмінiң үштен бiрiн қамтиды. Осылайша, ұйым өзiнiң институционалдық дамуының жаңа кезеңiне «Шанхай сегiздiгi» ретiнде аяқ басты», — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бүгiнгi таңда ұйым мүшелерi ШЫҰ маңындағы кейбiр аймақтарда әлемдiк геосаяси шиеленiстiң артуына куә болып отыр.

«Осыған орай, бiздiң кеңесiмiздiң ШЫҰ-ға мүше елдерi мемлекет басшыларының халықаралық терроризмге бiрлесiп қарсы тұру мәлiмдемесiн қабылдауы – уақытылы жасалған қадам», — дедi ҚР Президенті.

Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Ұйымға бұған дейін алты ел – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеті мүше болып келді. Ал Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия мен Пәкістан ұйымға бақылаушы ел мәрбетесіне ие. ШЫҰ диалогы бойынша әрiптестер – Армения, Әзербайжан, Камбоджа, Непал, Түркия мен Шри-Ланка.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version