Жемқорлықпен күрестің жаңа әдістері пайда болды

Білім беру саласы

Ата-аналар мен жауапты қызметтегілердің тікелей қарым-қатынасын шектеу үшін балабақшаға электронды түрде кезекке тұруға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды.

Енді ата-аналар  үйден шықпай-ақ балабақшаларды таңдап, балаларын кезекке қоя алады. Бұл қызметтер электронды порталда қолжетімді. Оны 5 мыңға жуық отбасы қолданып үлгерген.

Осының көмегімен балабақша кезегі «тазара» бастады. Енді мектептердің бухгалтериясы да электронды қызметке көшеді.

Денсаулық сақтау саласы

Дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды электронды түрде сатып алу туралы заң қарастырылды. Бұл да қарапайым халықтың қажетті дәрілерін сатып алуын қамтамасыз етпек.

Тегін медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемі қызметтерін жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін ережелер бекітілді. Сондай-ақ, кепілдендірілген көлем аясында денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу ережелері қарастырылды. Оның аясында есептік құжаттар 22 процентке, алғашқы медициналық құжаттардың формасы 30 процентке қысқартылды. Медициналық бизнесті дамыту үшін 28 санитарлық ережелер жоққа шығарылды.

Спорт саласы

Енді әкімшіліктер тек бұқаралық спорттың дамуына жауап береді. Бюджет орталық органның жауапкершілігіне өтпек.

Кәсіби футболды мемлекеттік қаржыландыруды тиімді ету үшін 8 клуб бәсекелестік ортаға өтті. Спортшыларға үй беру, өтем ақы төлеу, спорт мектептерінің статусын анықтау электронды нұсқаға көшірілмек. Бұл жемқорлықты азайтып, спорт бизнесін дамытуға оң әсер етеді деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығы

Ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат алу электронды нұсқаға көшеді. Дәнді дақылдарға арналған субсидия енді гектар санына қарай емес, алынған өнімге байланысты беріледі. Бұл егін аймағын жалған түрде кеңейту арқылы бюджет қаражатына қол сұғушылықты азайтпақ.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсиядияларға өтініш электронды түрде берілетін болады.