Басты бетЭКСПО көрмесінің...

ЭКСПО көрмесінің 1 миллион 500 мыңыншы қонағы тіркелді

Көрмеге 17-23 шілде аралығында 285 мың адам келген. Бұл дегеніміз орта есеппен алғанда күніне 40 мың 757 адам көрмені тамашалауға келгенін көрсетеді. Алғашқы аптада бұл көрсеткіш небәрі 23 мың адамды құраған еді.

10 маусым мен 23 шілде аралығында көрмеге келушілердің саны 1 484 300 адамды көрсеткен болатын. Ал, 11 шілде күні ЭКСПО-ның миллионыншы қонағы тіркелді. Ол астаналық мұғалім болды.

10 маусымнан бастап, бүгінгі күнге дейін адамдар көрменің барлығы 11 миллион 295 мың 991 нысанын аралаған. Көрмеге келушілердің көп баратын нысандарының қатарында Нұр-Әлем, коммерциялық павильондар, Шелл балалар лабораториясы, балалар саябағы, Дю Солей циркі, С3.5 және С2.4 тақырыптық павильондары, амфитеатр, шығармашылық энергия орталығы мен үздік тәжірибелер аймағы бар.

Ең танымал павильондардың ішінде Африка Плазасы, Египет, Үндістан, Ресей, Түркия, Жапония, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Таиланд пен Түрікменстан бар.