Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасына арналған фотокөрме өтті

Қасіретті апаттың зардабы ауыл тұрғындары мен Елімізге қатты тигені белгілі. Қызылағаш оқиғасы болған жердің жағдайын суретке түсіріп, сол фотосуреттерден көрме жасай білген журналист Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-конференциясын өткізді.

Фотокөрме Қызылағаш балаларының суретінен тұрады. Шынайы еш фото әрлеусіз жасалған көрме балалардың бейнесі арқылы Қызылағаш ауылында өткен апат салдарын анықтауға септігін тигізеді. Қарапайым ауыл өмірінен алынған тамаша суреттерді Талдықорған қаласындағы «Журналистер үйінде» тамашалауға болады. Ерекше 15 суреттен құралған фотокөрме автордың ойынша үздік туындылар болып саналады.

«Бала кезімде ең алғашқы фотоаппратты әкем сыйлаған болатын. Сол кезден бастап суретке түсіруді бастағам. Әрине, кәсіби түрде айналыспадым. Тек өзіме ұнаған кадрларды дер кезінде ұстап алуға тырысатынмын. Осы өткізіліп жатқан «Балалық шақ галереясы» атты фотокөрме тырнақ алды туындым. Көрмені ұйымдастыруға көмектескен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлына алғысым шексіз. Болашақта осы фотокөрме жалғасын табады деген үміттемін», — деді «Желтая газета» газетінің бас редакторы Сандуғаш Дүйсенова.