ҰБТ-да тағы өзгеріс

Министрдің сөзінше, жалпы жүйе өзгермейді. Тек, емтиханды өткізу, ұйымдастыру сынды бағыттарда бірқатар жаңашылдық қолға алынбақ. «Қазір бұл шараларға дайындалып жатырмыз, алдағы 1-2 айда ресми мәлімет таратамыз» деген министр,  жоспарланған жаңалықтардың біреуімен бөлісті.

Асылан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Кейбір өңірлерде біз пилот ретінде Ұлттық бірыңғай тесті онлайн жүйесінде өткіземіз. Яғни, компьютер арқылы. Сондай дайындық жұмыстарын атқарудамыз.

Дереккөз31.kz