Елбасының тілегі
©Baribar.kz

Музей 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәулеттік идеясымен салынған ғимаратта орналасқан.

Музейдің кіреберісі
©Baribar.kz

Музейдің кіреберісінде ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көне заман батырлары және қазіргі уақыттағы жауынгерлердің ортасында тұрған бейнесі.

Елбасымыздың айналасында батырлардың шоғырлануы жауынгерлеріміздің «Мәңгілік ел» идеясының алдында қанын да, жанын да аямайтындығын білдіреді.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін экспонаттарды өз қорына жинақтаған музей 5 қабаттан тұрады.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
30 мм автоматты білдекті граната атқыш (АГС-17) ©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Бірінші қабатта, «Қазақстан Қарулы Күштерінің залы» орналасқан.

Залда еліміздің Қарулы Күштерінің әскер түрлері: Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс күштері және Әскери-теңіз күштері экспозициясы бар. Мұнда алғашқы қазақстандық снаряд, танк, әскери самолеттер, әскери вертолеттер мен әскери кемелердің макеттерін көруге болады.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
"Кула-худ" дулығасы
«Кула-худ» дулығасы ©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Бірінші қабаттағы мерзімді көрмелер залының экспозициясына, 15 маусымнан бастап «АМПИР» элиталық антиквариат салонының Қазақстанның мәдени мұрасында тарихи мазмұнға ие ұлттық бұйымдарының коллекциясы қойылды.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің макеті
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Уақытша көрмелер залында, 30 маусымнан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік мәдени тарихи қорық-музейінің «Рухты орда Түркістан» атты жылжымалы көрмесі қойылды. Көрмеге Түркістан мекенінен табылған 250-ге жуық жәдігер қойылған.

Қабанбай батырдың қанжары 18 ғ. (түпнұсқа)
Қабанбай батырдың қанжары 18 ғ. (түпнұсқа) ©Baribar.kz

Қабанбай батырдың қанжары, XVIII ғасыр (түпнұсқа)

Тас атқыш оқтары (14-18 ғғ)
Тас атқыш оқтары (14-18 ғғ) ©Baribar.kz

Сауран қақпасында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «Тас атқыш оқтар», XIV-XVIII ғасырлар.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

12 шілдеден бастап музейдің уақытша көрмелер залында Алматы облысының мәдениет күндері аясында «Туған өлке-тұнған тарих» атты көрмесі ашылды.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

«Орбұлақ» және «Аңырайқай шайқасына» арналған экспозиция.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Бұл экспозициядан қолөнер шебері Д.Шоқпарұлының коллекциясынан алынған ортағасырлардағы батырлардың қару-жарақтарын көруге болады.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Сонымен қатар, музей қонақтары жетісулық батырлардың сауытын тамашалай алады.

Балпық бидің дулығасы 18 ғ
Балпық бидің дулығасы, XVIII ғасыр ©Baribar.kz

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілері туралы ақпарат, қолданған қару-жарақтары көрсетілген экспозиция.

Ұзақ батырдың шоқпары
Ұзақ батырдың шоқпары ©Baribar.kz
Қолдан жасалған қылыштың жүзі
Қолдан жасалған қылыштың жүзі ©Baribar.kz
Аузынан оқ атылатын мылтық
Аузынан оқ атылатын мылтық ©Baribar.kz
Аузынан оқ атылатын мылтық
Аузынан оқ атылатын мылтық ©Baribar.kz
суық қарулар
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушылардың қолданған суық қарулары. ©Baribar.kz
суық қарулар
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушылардың қолданған суық қарулары. ©Baribar.kz
суық қарулар
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушылардың қолданған суық қарулары. ©Baribar.kz
Шоқан Уәлихановтың заттары
©Baribar.kz

Өмірінің соңғы жылдарын Жетісу өңірінде өткізген Шоқан Уәлихановтың көзі тірісінде қолданған заттары.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Тапанша, ХІХ ғасыр және IV дәрежелі Қасиетті әулие Владимир ордені, муляж.

Бұрыш ұнтақтағыш, күміс қасық пен тостаған
©Baribar.kz

Бұрыш ұнтақтағыш, күміс қасық пен тостаған, ХІХ ғасыр.

©Baribar.kz

Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі кадет корпусының мерекелік кадет формасы.

Алтын адам
©Baribar.kz

Қазба жұмыстары кезінде Есік қорғанынан табылған б.д.д. VІІ-ІІІ ғасырларда Қазақстан территориясында өмір сүрген көшпенділердің көне тарихы мен мәдениетінен сыр шертер «Алтын адамның» көшірмесі.

ЕКІНШІ ҚАБАТ

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

«Ежелгі дәуір – XIX ғасыр» залында қазақ халқының қару жасау шеберлігінің даму тарихы көрсетіледі. Мұнда, Қазақстан аумағынан табылған тас дәуірінен бергі жәдігерлер орналасқан.

Қару
©Baribar.kz

«XX ғасырдағы әскери тарих» залында өткен ғасырдағы Қазақстанның әскери және жауынгерлік тарихының барлық негізгі кезеңдерімен байланысты экспонаттар көрсетілген.

Қобыланды батыр кесенесінің макеті
Қобыланды батыр кесенесінің макеті ©Baribar.kz

Екінші қабаттың «Уақытша көрмелер» залында, 28 маусымнан бастап Ақтөбе облысының Астана қаласындағы мәдени күндеріне орай «Дулығалы дала перзенттері» атты жылжымалы көрмесі қойылды.

Ағаш ожау
©Baribar.kz
Жез тостаған
©Baribar.kz
Қару-жарақ
©Baribar.kz

Арғынғазы ханның кіреуке сауыты, жез тостағаны, ағаш ожауы.

Есет батырдың сауыты
©Baribar.kz

Тама Есет батырдың сауыты XVIII ғасыр

Қару
©Baribar.kz
Қылыш
©Baribar.kz

Есет батырдың қылышы

Ежелгі құрал-саймандар
©Baribar.kz

Тас, қола және темір дәуірінде қолданылған құрал-саймандар.

ҮШІНШІ ҚАБАТ

©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Үшінші қабаттағы, «XX-XXI ғасырлардағы қару-жарақ» залына экскурсия барысында музей қонақтары тапанша, автомат, граната атқыш, оқшашар мен оқ-дәріден бастап әртүрлі қару-жарақ түрлерімен, сондай-ақ, XX-XXI ғасырдың авиациялық жою құралдарымен танысады.

ТӨРТІНШІ ҚАБАТ

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Музейдің төртінші қабатында орналасқан «Бейнелеу өнері» залында 23 маусымнан бастап итальяндық суретші, жұмыстарының ерекше орындау техникасымен бүкіл әлемге танылған Миро Персоляның көрмесі ашылды.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі6543
©Baribar.kz

Миро Персоля өзінің алдына өнерді табиғи мақсатқа жеткізуді мақсат етеді. Туындыларын көркем сурет ымымен, материалдармен және түрлі түспен араластырып, біздің қазіргі заманғы өмірімізді және қорғашан ортаны бояумен жеткізеді.

БЕСІНШІ ҚАБАТ

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Қазақстандық суретшілердің туындылары қойылатын бесінші қабаттағы көрмеде 22 маусымнан бастап ҚР Суретшілер одағының мүшелері Бақытнұр Бүрдесбеков, Әділғали Баяндин және Абай Чунчалиновтің «Қазіргі заманғы қазақ суретшілерінің үздік туныдылары» атты көрмесі қойылды. Көрме патриотимзге, Отанына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілікке толы.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған материалдар топтамасының келесі фотобаяндамасы — ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің «Қазақстан Қарулы Күштері» залына арналады.

Материалдың авторы: Айнұр МАРАТ

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!