Басты бет Жаңалықтар Қырғыздар енді қазақша хиттерді қырғызша аударуда

Қырғыздар енді қазақша хиттерді қырғызша аударуда

Қырғыз елінің әншілері Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауындағы “Алло” әнін өз тілдерінде шырқауда. Бұл туралы “Ақтөбе” басылымы жазды.

Қырғыздан талай ән ұрлағанымыз, немесе өзара келісіммен сөзін қазақшалап, шырқап жүргеніміз әмбеге аян. Тіпті осы күні бір хит ән естілсе, осының түбі қырғыздікі емес пе екен деп тұратын болдық. Бірақ енді қарымта қайтаратын кез келген екен. Ақтөбелік Қайнар Алакөзов сөзін жазып, тағы бір ақтөбелік Құрал Молжанов әнін жазған «Алло» әні Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауында нағыз хитқа айналғанын  болатын.

Енді сол «Алло» әнін қырғыздар өз тіліне аударып айтып жүр екен. «аударып» дегеніміз сөздің сірағасы ғой, әйтпесе бауырлас екі ел бір-бірін тілмәшсіз-ақ түсінеді емес пе?! Дегенмен «Ой,ой, қарындаш, андай демеңіз…» — деген қырғыздың сөзі құлаққа біртүрлі жылы тиеді екен.

Бұл «Алло» әнінің қырғызша нұсқасы.

Ерке Есмахан мен Төреғали Төрәлінің орындауындағы «Алло» әні.

6 пікір

  1. Торегали барекелди, кайрат нуртасын кыргыздын анимен репертуарын толтырса, сенин анинди керисинше кыргыздар алуда, мине нагыз алал жумыс

  2. Мен мындан проблема корбойм Эки элдин илгертен бири-бирине ырлары обондору чыгармалары отуп келген Кыргыздын ырын Казак Казактын ырын Кыргыз ырдаса деле жагымдуу угулат… Тан калганым ушундан дале кынтык издеп жургонунор журналисттер… Мындай издеген карангы адамдын гана ойлогону А тушунгон журт эчак бири-бирин тындап келет…

  3. Кыргыз казак туыстас халыкпыз гой. Оте куаныштымын кыргыз бауырластарымызга. Кыргыз бен казактын татулыгын ныгайта берудин жаксы нышаны!

  4. Кыргыздын белгилуу ырчысы Ч.Сатаевдин ырын Казактын «МузАрт» тобу абдан мыкты ырдап чыгышкан…Кубаттоо керек!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version