Көкшетауда зиялы қауым өкілдері Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламасын талқылады. Жиынға жазушы «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Жұртбай арнайы келді. Жиналғандар мақаланың маңыздылығына, оны жүзеге асу үшін жасалу керек іс-әрекеттерге тоқталды.
Жиын пікір алмасу форматында өтті. 28 маусым байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні болғандықтан, сөз алғандар мақаланы түсіндіру және насихаттау жұмыстарындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталды. Газет-журналдарда, телеарналарда құжаттарын қажеттілігі дұрыс жазылу керек. Себебі бұл мақалада ұлт үшін, еліміз үшін маңызды дүниелер айтылған.
Жиналғандардың пікірі ортақ. Олардың айтуынша, бағдарламалық мақаланы шұғыл түрде жүзеге асыру қажет. Өйткені сонда ғана еліміз бәсекеге қабілетті болып, озық мемлекеттердің қатарынан табылады. Бұл ретте білімді ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беру сөз болды.
Бас қосуда осындай кездесулерді жиі өткізу керектігі айтылды. Және оның қатысушылары сан саланың, әр түрлі топтың өкілдері болу керек. Бұл мақаланың халық арасында кеңінен тарап, нәтижелі болуына мүмкіндік ашады. Ұлттық код, сана ашықтығы, білімді ұрпақ деген тіркестер тұрғындар жадында жатталу қажет.