Басты бетЖаңалықтар«Нұр Отан»Облыс...

«Нұр Отан»Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жеке қабылдау өткізді

Көкшетау-Красный Яр бағытындағы шағын аудандардың бірінің әлі күнге дейін атауы жоқ. 700-ге жуық тұрғын үйі бар мекеннің инфрақұрылымдық дамуы да  көңіл көншітпейді. Су, жол, қоқыс және қоғамдық көлік мәселесі ұзақ жылдардан бері шешілмей келеді. Бұл жөнінде аталған шағын ауданнның тұрғындары облыс әкімі Мәлік Мырзалинмен кездесу барысында айтты. Толғырақ Нұргүл Нұрбайқызы тарқатады.

Облыс әкімінің кездесуіне алдымен Меңтай Нұрбекова келді. Ол 2016-шы әскери салада қызмет ететін жолдасымен бірге Алматы қаласынан көшіп келген. Қалада баспанасы болмағандықтан, қазір пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Сондықтан, қызметтік үй бөлуді  сұрай келген. Облыс әкімі бұл мәселені назарға алатынын атап өтті.

Көкшетау-Красный Яр бағытындағы шағын аудандардың бірінің тұрғындары да өздерінің қордаланған мәселелерін орта салды. Айтуларынша, шағын ауданда қазір тек жарық қана бар. Су құбырлары, жол және қоғамдық көлік мәселесі шешілмеген. Бұдан бөлек, шағын ауданда салынып жатқан мектептің құрылысы да тоқтап қалған. Осылайша, биыл жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп күтіп жүрген тұрғындардың арманы орындалмады. Мектептің жоқтығы қазір біраз қиындық тудырып отыр, — дейді кездесуге келгендер.

Билік өкілдері мектеп құрылысы қаржының жетіспеушілігінен қазіргі күні уақытша тоқтап тұрғандығын айтады.  Жұмыстарды жалғастыруға биыл республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбек. Осылайша, 2 жылдың  ішінде білім ошағы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тағы бір мәселе. Шағын ауданның атауы әлі күнге дейін бекітілмеген. Тұрғындар өз кезегінде «Абылай хан» немесе «Ақжар» деп атауды ұсынды. Бұл мәселе де алдағы уақытта қаралып, тиісті шешім шығарылатын болады.