Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтар үшін Түркияда демалу құны арзандайтын болды

Қазақстандықтар үшін Түркияда демалу құны арзандайтын болды

Отандастарымыздың дені елде демалуға ниетті. Биыл сыртқа шығуға әуес туристер саны 80 пайызға азайып кеткен. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

nur.kz

Жолдама құнының теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгере қоймағанына қарамастан, жырақта тынығатындар қатары төмендепті.

Мұндай ақпарды Қазақстан турагенттіктер қауымдастығы мәлім етіп отыр. Сондықтан шығынға батқан саяхат операторлары жолдама ақыларын мейлінше түсіруге мәжбүр.

Тіпті, девальвацияға дейінгі бағаны әлі де ұстап, жаппай жақын аймақтарға жол ұсынып жатқандары бар. Мәселен, 2015 жылы ең арзан жолдама бағасы 600 доллар болса, биыл ол 450 болып тұр екен. Қосымша жеңілдіктер де көп. Мәселен, қонақүй таңдауда.

Сондай-ақ, биыл Түркияға бару да анағұрлым арзандай ма деген болжам бар. Ресеймен арадағы кикілжіңнен кейін бұл ел қазірдің өзінде қазақ туристерін тарту үшін барын жасап жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version