Қазақстандықтар үшін Түркияда демалу құны арзандайтын болды

Жолдама құнының теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгере қоймағанына қарамастан, жырақта тынығатындар қатары төмендепті.

Мұндай ақпарды Қазақстан турагенттіктер қауымдастығы мәлім етіп отыр. Сондықтан шығынға батқан саяхат операторлары жолдама ақыларын мейлінше түсіруге мәжбүр.

Тіпті, девальвацияға дейінгі бағаны әлі де ұстап, жаппай жақын аймақтарға жол ұсынып жатқандары бар. Мәселен, 2015 жылы ең арзан жолдама бағасы 600 доллар болса, биыл ол 450 болып тұр екен. Қосымша жеңілдіктер де көп. Мәселен, қонақүй таңдауда.

Сондай-ақ, биыл Түркияға бару да анағұрлым арзандай ма деген болжам бар. Ресеймен арадағы кикілжіңнен кейін бұл ел қазірдің өзінде қазақ туристерін тарту үшін барын жасап жатыр.

Дереккөзalmaty.tv

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл күні Оралдағы Тұңғыш президент алаңына мыңдаған адам жиналып, көк байрақты биік көтеріп, әнұранды шырқап, кешкісін өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік тамаша концертке куә болды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынды

Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлу керек. Бұл туралы Астана халықаралық форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Елімізде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Министр: Биыл астық түсімі 16 миллион тонна көлемінде болады

Биыл шілде-тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын қалыпты нормадан сәл аз болады. Бұл туралы ауыл шуаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде циклонның және атмосфералық ауа ағындарының ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік қарыз туралы айтты

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ке төмен деңгейде қалыптасты. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.