Шараның мақсаты — жастардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жастарға мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық және мемлекеттік білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандыру.
Жәрмеңкеге облыстағы «Стекло-Сервис» ЖШС, «Гидроприбор», «ЗапКазРэк» АҚ сияқты ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындары, Орал қаласы мен аудандық мемлекеттік мекемелерінен құралған барлығы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысып, 1800-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке барысында барлығы 700-нан аса жас өз түйіндемелерін тапсырды.
Сонымен қатар, жәрмеңке барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты — кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асыру мақсатында жастарға мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болатындығын, конкурсқа түсі тәртібі, тестілеуден өту және т.б. мәселелер бойынша ақпарат ұсынылды.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына қабылдау бойынша семинар өткізіліп, Назарбаев университетінің өкілі университетке түсу мүмкіндіктері бойынша ақпарат берді.
Сондай-ақ, жас мамандарға кеңестер түйіндеме толтыру, сұхбаттан өту және т.б. мәселелер бойынша кеңес беріліп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының БҚО бойынша филиалының өкілдеріінің жастарға өз кәсібін ашу бойынша өткізген тренингтеріне 100-ге жуық жас қатысты.
БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы А.Сакошев:
Бүгінгі ұйымдастырылып отырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жастарды бос жүрмей, жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ, өз кәсібін ашқысы келетін немесе мемлекеттік қызметке түскісі келетін жастарға, оның ішінде биылғы жылы жоғары оқу орындарын, кәсіби техникалық білім беру ұйымдарын аяқтаған жастарға ақпарат беру, бағыт беру мақсатында өткізіліп жатыр. 2016-2017 оқу жылында облыс бойынша жоғары оқу орындарын 7478 түлек аяқтап отыр. Оның 4000-ға жуығы күндізгі бөлім студенттері. Алдағы уақытта, осы түлектеріміздің басқа да жұмыссыз жүрген жастарымыздың жұмысқа орналасуы бойынша мониторинг жүргізіліп, оларды жұмыспен қамту шаралары күшейтілетін болады.