«Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында айналымнан 331 мың жалған еуробанкнот алынды. Бұл былтырғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда төменірек», — делінген Еуропалық орталық банк таратқан ақпаратта.
Аталған қаражаттың 85 пайызға жуығы 20 және 50 еуро номиналындағы купюралар.
Еуропалық орталық банктің хабарлауынша, жалған банкноттарға ұрыну қаупі аз, себебі жасанды ақшалардың саны қолданыстағы банкноттармен салыстырғанда төмен.
Қазіргі уақытта 20 млрд еуробанкнот айналымда жүр, олардың жалпы сомасы 1,1 трлн. еуродан асып жығылады.