2018 жылдан бастап шенеуніктер жұмыс нәтижесіне қарай жалақы алатын болады

Мемлекеттік қызметкерге жалақы төлеу әдісі өзгереді.

2018 жылдан бастап шенеуніктер лауазымына қарай емес, жұмыс нәтижесіне қарай жалақы алатын болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған реформа мемлекеттік қызметте бір жарым жылдан бері жүріп жатыр. Ол шенеуніктерді таныс-тамырлықтан ада етіп, қызметте өз күшімен өсуге талпындырады, яғни меритократияға жол ашады деп күтілуде.

Жалақы тағайындаудың жаңа жүйесі Алматы облысы Әділет министрлігі мен агенттіктерден басталады.

1 пікір

  1. Өте дұрыс болған екен. Қарапайым халықтың жағдайын кім ойламақ сонда? Қазақстанда ақшаның құнсыз екенін кім, қашан түсінер екен?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version