Басты бет2018 жылдан...

2018 жылдан бастап шенеуніктер жұмыс нәтижесіне қарай жалақы алатын болады

2018 жылдан бастап шенеуніктер лауазымына қарай емес, жұмыс нәтижесіне қарай жалақы алатын болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған реформа мемлекеттік қызметте бір жарым жылдан бері жүріп жатыр. Ол шенеуніктерді таныс-тамырлықтан ада етіп, қызметте өз күшімен өсуге талпындырады, яғни меритократияға жол ашады деп күтілуде.

Жалақы тағайындаудың жаңа жүйесі Алматы облысы Әділет министрлігі мен агенттіктерден басталады.