Басты бетМәдениетАлматыда Еуропа...

Алматыда Еуропа кинофестивалі басталды

Бағдарламаға Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Нидерланды, Румыния, Словакия және Латвия елдерінде түсірілген 11 фильм кірді.

Фестивальдің ашылу рәсімі күні көрермендерге қазақстандық режиссер Катерина Суворованың «Завтра море» фильмінің көрсетілімі, сондай-ақ, режиссердің көрермендермен кездесуі болып өтті. Аталмыш деректі фильм бұрынғы Арал теңізі жағалауы тұрғындарының өмірін баяндайды.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Траян Христеа қатысты.

«Фестиваль -фильмдері еуропалық киноөндірістің түрлі жанрын қамтиды. Біздің жыл сайын ұйымдастыратын еуропалық кинофестивальдеріміз тек жарқын картиналардың көрсетілімі ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан мен Еуропаның мәдени әрі әлеуметтік жағынан тәжірибе алмасуының көрсеткіші. Біз Алматыдағы жанкүйерлерімізге еуропалық болмыс әлеміне саяхаттауларына мүмкіндік беретінімізге қуаныштымыз», – деді Траян Христеа.

Айта кетейік, фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі. Кіру тегін.

Дереккөзaikyn.kz