Басты бетҚоғамАстана тұрғындары...

Астана тұрғындары үшін құқықтық орталық ашылды

Алдағы уақытта азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы әрі тиімді шешу үшін орталықта адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, пробация қызметкерлері және өзге де заңгерлер тартылады. Аталған орталықта халыққа тәжірибелі прокурорлар құқықтық көмек көрсетеді.

Прокурор

Құқықтық орталықтың негізгі мақсаты — азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау.

Құқық қорғау қызметтерінің орталығы

Орталық Бас прокуратура ғимаратында орналасқан. Мұнда заманауи инженерлік-техникалық жабдықтар, электрондық кезек жүйесі, «Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторы, сондай-ақ күту залы және өзге де қажетті инфрақұрылым толықтай жабдықталған.

Құқық қорғау қызметтерінің орталығы

Айта кетейік, бүгін Бас прокуратура ғимаратында 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық жұмысы қорытындыланды. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында көзделген стратегиялық тапсырмалары талқыланып, пікір алмасу шарасы өтті.