Басты бет Жаңалықтар Отбасын құрғысы келетіндер үшін «Қалаулым» реалити-шоуы жарық көрді

Отбасын құрғысы келетіндер үшін «Қалаулым» реалити-шоуы жарық көрді

«Еуразия» бірінші арнасында жаңа реалити-шоу бағдарлама жарық көрді. Аталмыш шоу "Қалаулым" деп аталады.

©Comode.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама сүйіктісін тауып, отбасын құрғысы келетіндерге арналған.

Жобаның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды қолдау.

«Өзінің сүйіктісін тауып, отбасын құрғысы келетіндерге «Қалауым» жобасы – ол өмірлік жан серігі мен отбасылық бақытын шынымен тауып алудың нақты мүмкіндігі… Ал оны сырттай қарап отырып қызықтағысы келетіндерге бұл қилы күтпеген оқиғаларға толы, жан тебірентерлік өте тартымды шоу болады. Егер қысқаша айтатын болсақ, мұнда өз махаббатын іздегендер және міндетті түрде отбасын құруға ұмтылғандар кездеседі. Ал жәй уақытша қызық іздегендер іріктеу кезеңдерінде шығып қалады», — деді тележобаны ұйымдастырушылар.

«Қалауым» бағдарламасын әнші, актриса Аша Матай жүргізеді.

«Бұл — ХХІ ғасырда өте керек отбасылық жоба. Мен өмірдің қилы тағдарларын көріп отырмын, бұл жерде эмоция да өте көп, тіпті кейде менің өзім де кейіпкерлеріммен бірге жылап, күліп өзім үшін көптеген жаңалық ашамын. Бұл бағдарламаны барлығы көргісі келетіні айдан анық», — деді тележүргізуші.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама «Еуразия» бірінші арнасынан әр күн сайын түскі 12.00-де эфирге шығады.

88 пікір

  1. Қалаулым коп азаматтарға жол ашуына тілектеспін. Аша сізге шығармашылы табыс тілеймін

  2. Бағдарлама қызық жақсы. Бірақ кейбір мезеттерін, алда көретіндеріңіз айдары 4-5 рет қайталанатындықтан мезі етеді екен

  3. Аша бағдарлама жүргізуге төселіп қалыпты, өзін ұстауы, дауысы жақсы. Мысалы; Г.Дайрабаеваның күлкісінен шаршап кетесің….

  4. Баска адамдарда пикир билдире алатын ватсап жуйесин косаныз деймин. Багдарламаны кунде коремин. Менде пикир билдирип ой косыкым келеди багдарлама барысында.

  5. Әрине, өте жақсы жоба. Сыңарын шарықтап іздеген жандарға өте жақсы, бірақта кейбір жобаны ашқаннан кейін ұзаққа созылмайды. Сіздің ашқан жобаңыз ұзағынан сүйсіндірсін деп тілеймін.

  6. Бағдарлама жалғыз басты адамдардың бақытын табуға себеп болары сөзсіз. Аша сен жас болсаңда өз болмысыңмен қазақ қыздарына үлгісің. Тіпті нағыз қазақи елдің қыздары да өзін дұрыс ұстай алмайды. Қатысушылардың деңгейі әртүрлі ғой. Сондықтан олардың айтқан пікірлері орынды деу қиын. Назеркеге келген Алмат деген жігіттің намысына қатты тиді. Назерке оған лайық емес. Келмегені дұрыс болды. 19 жасында жар іздеп ел алдына шыққанша сабағын оқып жайына жүрмейме. Ол қызды Дина,Динара,Жанел сияқты он екі де бір гүлі ашылмаған қыздармен салыстыруға мүлде болмайды. Бақытжан деген азаматтың қалаулысы қашан келер екен! Оған Шолпен деген ханым лайықты сияқты. Қыздарды ханым емес Қаншайым деу керек.

  7. ҚЫЗДАР ПІКІРІН ДҰРЫС МƏДЕНИЕТТІ ТҮРДЕ ЖЕТКІЗУ КЕРЕК.Ержігітке үміткер қыз Ақжарқынға келген Асланбекке «шошақай» деген жаман сөз айтты, масқара ғой.Есімі Қарлығаш ау деймін,мұғалім болса керек.Ойланып сөйлеген дұрыс болар.Аша Матай керемет жүргізеді,сыпайы,мәдениетті,содан үйреніңдер.

  8. Мəдиге Жанерке ұнайды деп ойлаймын. Ал қатысушы қыздарға айтарым ауыздарыңнан шыққан əрбір сөзге абай болыңдар дегім келеді

  9. Аша Матай қарындасым, бағдарламаңыз өте жақсы, тартымды. Өзіңіз де керемет жүргізесіз. Тек айтарым, қазақта қан тазалығы деген бар. Сондықтан үміткерлер бір-бірінен руларын сұрасып барып танысса, əйтпесе ағасы мен қарындасы болып, яғни рулас болуы да мүмкін. Мүмкін бір шежіреші отырса да болады, алысуға бола ма, болмай ма? Айтып отыратын.

  10. І Аша! багдарлама керемет! Жалгыз бастыларга өзинин қосагын табуға көмеги тиер деген умиттемин! Катысушылар бир-биримен урысып, мін тағып ,салғыласып,урысып жатады ,
    ойланып дурыс пікір ғана айтып,бір-бірінін уятын шашпай отырса екен! Біреуді жаман көрсетип жаксы болу иттілік ,нағыз оңбағандық!Өздеринин надандыктарын көрсеткеннен баска еш өнеге көріп жүрген жоқпыз, шаршатып жібереді,тайлы-тұяғымызбен көріп,тамашалап отырғанда! Осы тұста Рысбалаға риза екенимди айткым келеди! Калаулымыңды тауып бақытты бол,жаным!Сендей ақылына көркі сай ,білімің асқан ,шешендігің ұшан теңіз ұласқан,аруларға ата-бабаларымыз аттан түсип,колын алып,жеңісті қолдан бермейтін сал-серілеріміз жеңілгенін мойындап бас иген!Осындай аруларға ерді де елді де ойланбай тапсырған!Ондай касиет мына надан Әлібек,Ислам, сыяқтыларда кайдан болсын базардағы катындар сыяқты ғой!Сөздері от басы ошақ қасынан артылмайтын!Осындай жігіттерді көргенде қарныңның ашканына емес қадіріңнің қашқанына ішің күйеді ! Еркек болсаң әйелді қадірле сонда ғана сен азаматсың!

  11. Құрметті Аша! Қатты айтсам кешірім сұраймын!Өткен күннен қатаң сабақ алған,бірнешеуі отырса да бастарына тимеген ғой,Өмірді көп сүргеннен емес,көп көргеннен сұра дейді ғой Атам Қазақ! Мен ондай қасиет қатысушылардан сезбедім,
    Мына туйсігі жоқ Замирадан неге пікір сұрайсыздар?Қарап отырып сау адамды жынды қылады гой! Еш ерді бақытты қыла қоймас мына есалаңдығымен! Қателіктер көп кетіп жатыр ! Әсемді ренжіту дұрыс болмады,Келген үміткерлерге қайдағы сындар айтылады,Рысбала дұрыс айтады Өзің мінсіз болсаң ғана біреуге мін тақ,Шынар ойланып сөйлесін,Қойшының баласы сауатсыз деп ким айтты,бұл сауатсыздықты меңзейтін нақыл сөз ,-Кезіндегі сауатсыздығынан қой баққан аталарымыз ,балаларым сауатсыз болмасын деп жанын жалдап балаларын оқытып ,небір ұлы ғалым,оқымыстылар қойшының баласынан шыққан»Өткен ғасырдың,60-70 жылдарда сауатсыздық жойылған! Қойшыға шықсаңда,Қазаққа күйеуге шық деген сөз бар да,баласы тұралы сөз жоқ екеннін жадына мықтап құйып алсын!
    Қазақтың Қыз-келіншектеріне айтарым; Нағыз ер -азаматты ісіне қарап бағала деген,25-35 аралығындағы жігіттің ,біріншіден ,жоғарырақ білімі,мамандығы,тұрақты ай сайынғы табысы немесе кіріс көзі,үй-жайы ,баспанасы,мінер ат-көлігі болған абзал!Маселе байлықта емес ,сондай дәрежеге жете алған жігіт,талпынысы бар,қолынан іс келетін,жан-ұясын асырай алатын, нағыз ақылды Ер-Азаматтың ісі деген сол!!!
    Ер-азаматтарға айтарым;Жаны сұлу жар іздесең 23-тен асқан қызддардың жоғары білімі ,тұрақты жұмысы,ақылына көркі сай,өжет те алғыр,қолынан өнер келер,әсіресе сөзге шешен аруды таңдасаң қателеспейсің, дұрысы ұрпағың ұлы болсын,өзімді ұшпаққа апарсын десең, менен сөзі асып кетті деп қорықпай жар қылуға тырысыңдар!Сөзді дұрыс құрай ,екі сөз сөйлеу білмейтін қыздар,қай тілде болса да жар болып жарытпайды,қыз тектілігін осылай анықтаған Ата-Бабамыз! Осындай жасқа,мақсатқа жетпеген жастарға талап қойып қолдарыңды бір нәрсеге жеткізіңдер деп қайтарған дұрыс,дүниеге жариалап жар іздеу әлі ерте оқуларын бітіріп
    ,маман иесі болсын ең құрығанда,ал тағдырдың жазуымен, нағыз махаббат мезгілсіз келіп жатса онда ерте ме кеш пе барі бір ғой! Сонда барлығы тең-теңімен,тезек қабымен орнын табар еді ғой!

  12. Қалаулым бағдарламасы жақсы ақ.Бірақта отырып ап бір бкрімен дауласпай жар іздеп келгендерге дұрыс пікірлерін білдіру керек.Анау Шынар деген Рысбаланың əрбір сөзін аңдып не болған .Барып тұрған қызғаншақ көре алмайды .Рысбала нағыз білімді ,ҰЛТЖАНДЫ,ШЕШЕН,əрбір сөзге орынды нақты жауап бере алатын өжет ақылды қыз.Ислам деген өзінше бір ақылшы.кім ол елге ақыл аитатын.Маңқа біреу.Замира деген мақұлықты қуып жіберу керек. Елдің ортасына от қойып отырғаннан басқа бітірері жоқ.Аша Матай бағдарламаңыз ұзағынан сүйіндірсін

  13. Армысыздар, қазақ жұрты,Ббағдарлама жақсы-ақ,Алайда бұл жобаға өрімдей жас қыздар мен бозбалалар неге қатысып отырғандығын түсінбедім. Олр қандай критерийлер бойынша таңдалды жобаға.? Олардың болашағы әлі алда емес пе?! Менің ойымша, бұл жобада жасы үлкен, жолы болмай , тағдырдан таяқ көрген аға , сіңлілеріміз қатысып, өз теңдерін тапқаны жарасымды дер едім, мысалы Бауыржан, Ромео ағаларымыз сияқты.
    Содан кейін жобадағы,әсіресе қыздар, кей жағдайларда өздерін өте жағымсыз жақтарымен көрсетіп қалып жатыр. Сырт көзге әрине оғаш қылық !

  14. Саламатсыздар ма?Қарлыгаш пен Ержигитти корип отырып Қарлыгаштын отирик сойлеп отканы коринип тур.Бул дауды бастаган Карлыгаш.пиар ушин жур .Кыздын ози жигиттин айтпайтын созин айткызып отыр.багдарламаны мукият карасаныздар создеринен байкауга болады.

  15. Аша ханым тагы айтарым катысушылардын арасында биздин ауылдын кызы бар.атын айтпайак кояиын сол сыныптас достарына мен жай танымал болу ушин катыстым .акем билмейди билсе олтиреди деген создерин букили айтып жур. Жас кыз ози мектепти бир жыл бурын битирген екен. мен ата анамын оз ойым мундай оймен жастардын жай келгени дурыс емес.Умиткерлерди умиттендирип эфирде канша уакытты алып казакша айтканда ырбандап отканына ашуым келди.Мен озим ол кызды танымаймын бирак Калаулымды кординдер ме деп соз басталганда сол кыз биздин ауылдан екенин осылай айтып жургенин естиген сон хат жолдап отырмын. атын атасам мумкин осылай ар кимнен сыйлык алып журип биреуине гашык боп кала ма деп те отырмын ким билед бари мумкин гой.

  16. Назерке турмыска казир шыкпайды.Ози айтып отыр гой соны неге тусинбейсиздер.Жигитке айналып кеп тисе бересиздер.Негизи Назерке болашак журналист менин ойым кыз озин елге таныту ушин келген.Али окымын жумыс истеймин арманым сол деп отыр. Негизи куйеуге азир тимесе неге келди екен сурактын астына Назеркени алсаныздар.Жигит ойын ашып айтып отыр уйде отыратын айел керек.казир уйленем деп отыр.Кездесип уакытты откизу ушин келмеген жигит.УЙЛЕНУ ушин келген.

  17. 1. Рысбала, Рысбек салмақты жуас жігіт сияқты саған лайық деп ойлаймын, ал Мирас та жаксы жігіт сияқты. Өз киноңдағыдай әкемніңсынынан өтсең келісемін, өте алмасаң өз обалың өзіңе дегендей, қайсысы сынақтан өтер екен.
    2. Ислам және Шынар алла тағала өмірлеріңді ұзағынан берсін, бақытты болыңдар.
    Қалаулымға қатысушылар өз сыңарларыңды табуға шын жүректен тілектеспін.
    Т/б 78 жастағы Мырзаш ата

  18. 1.Рысбала, Рысбек салмақты жуас жігіт сияқты саған лайық деп ойлайын,ал Мираста жақсы жігіт сияқты. Өз киноңдағыдай әкемнің сынынан өтсең келісемін, өте алмасаң өз обалың өзіңе дегендей қайсысы сынақтан өтер екен.
    2. Айналайын Ислам және Шынар Алла Тағалла өмірлеріңді ұзағынан берсін бақытты болыңдар. Қалаулымға қатысушылар бәріңізде өз сыңарларыңызды табуларыңа шын жүректен тілектеспін.
    Исламның жерлесі 78 жастағы Мырзаш ата.

  19. сәлеметсіздерме.сурагым бар еди.мен 21 жастамын 1996 жылгымын.ажырастым ажырасканыма 1жарым жыл болды.мен қызылорда облысы шиелі ауданында турам.менин сурагым багдарламада ашык турде коринби елге коринбиак танысып табысуга болмайма.мумкундиктер барма кандай жолдар бар.менин ата анам карсы баруга.бирак менин катыскым келеді.,менин вкам сымбат турекеева егерде осыган жауабын жазсаныз болады

  20. Рысбала ақылды қыз,одан кемшілік іздеп отырған қыздардың ісі қызғаныш. МИРАС МƏДЕНИЕТТІ СЫПАЙЫ ЖІГІТ, РЫСБАЛАҒА ТЕҢ ЖІГІТ ДЕП ОЙЛАЙМЫН! Жарасып жатырсаңдар бақытты болыңдар жандарым!

  21. Мəди деген жігіт бесіктен белі шықпай жатып, көп ақыл айтады жəне өте тəкəппар, менменшіл. Ажырасқандар деген əңгіме көп дау туғызды. Сол əңгімені басын бастаған Мəди жолы болмаған, ажырасып келген қыздарды екінші сортқа бөліп отыр. Ол үшін олар тексіз. Осының өзі Мəдидің ішкі дүниесін көрсетеді. Ия, əдемі, орынды сөйлейді, алайда басқадан көп мін іздеген түбінде бақытсыздыққа ұшырайды. Негізі іштерінде ары таза, ойын жасырмайтын Замира, оны көбісі тентек, бетпақ деп жақтырмай жатыр. Бір-ақ, нағыз ақкөңіл, жалғандығы жоқ осы қыз, негізі ол үлкен бала секілді, бойжетпей қалған. Эмоциямен шешеді бəрін. Ал бəріне мəлім, тек балалар ғана өмірді ақ пен қара бөліп, шындықты жүректерімен сезеді. Осы Замирада сондай. Сол үшін қатты сөкпендер оны. Бұл сыртқы пікір, мен көп көрмеймін бұл бағдарламаны, сол көргенім тек бір бағдарлама, Мəди мен Замираның дауласқаны. Сырт көз көп нәрсені байқайды демекші, пікірім осындай

  22. Рысбала айнам сен қалаи ақталсаңда сенікі дұрыс емес басында сөзіңе қарап дұрыс бала деп ойлап едім сен де жалпы нашар мінезді бала екенсің

  23. Бүгінгі бағдарламаны көре алмадым. Мирас пен Рысбала арасындағы қатынас калай?. Неге қыздар қалауымдағы қатысушылардың талабын алдын-ала білмейді? Эфирге шығу үшін келе береме? Мәдиге жасы үлкен қыз керек емес екенін біле түра кеше Арайлым келіп отыр. Түсінбедім. Тұрмыс құрғанда күйеуің өзіңнен үлкен болғаны дұрыс. Бұл менің ойым!

  24. Аша Матай сіздер өтініш Ырысбаланы қалаулымнан алып тастаңышы өзіне сене бермесін. Ислам мен Шынардың өміріне арласпасын. Екеуі жарасымды жұп. Ырысбала өзіне келген жігіттердің бәрінен қашқақтай береді. Менің түсінбейтінім Ырысбаланың қай жеріне қызығады. Түк те түрі тартымды емес ғой. Ырысбаланың кірпігін алып тастаса мысық болады аузы лақиып. Қазақтың жігіттері Ырысбаланың қай жеріне қызығасыңдар? Мен Ырысбалаға келген жігіттердің барлығы ақымақ деп ойлаймын. бүгінгі қалаулымда үлкен апай дұрыс айтты Ырысбала тақтан түс енді.

  25. Қалаулымды үзбей көрем Рысбала қызым өте қатты ұнайды.Бақытыңды кездестіруге тілектерін.Майра апа Тараз қаласы

  26. сəлеметсізбе Аша ханым қалаулым бағдарламасын от басымызбен үзбей көреміз бізге ұнайды жұмысымызға табыс тілейміз. Ислам мен Шынардың махаббаты шынайы деп білемін. оларға бақыт тілеймін. Салем жолдаушы Өзбекстаннан Джурабаев Нұржан

    • Кешке дейін реклама жыныңды ұстатады көргім келмейді,не сонда реклама көрсетпесе передача өткізуге рұқсат жоқ па өтініш реклама бере бермеші аша!!

  27. Аша Ырысбалаға тиісуіңізді қойыңыз.Ұят болады.Көп сөйлейсін дейсіз жəне сен кеше Ырысбалаға Шошандап дедіңіз.Ырысбалаға олай деп айтатын сен кімсің.Сен жүргізушісіз.Сен халықтың алдында əдепті сөйлеп үйрен.Саған Ырысбаладан əдемі сөйлеу жөнінде сабақ алуың керек.Артық көп сөйлейсіз.Халық көріп жүр ұалаулымның көп қатысушылары Ырысбаланы көре алмайды.Соның бірі сен Аша.Сенде қыз өсіріп отырсың.Қызыңның алдында не күтіп тұрғанын сен білмейсін.Сондықтан сөйлер алдында ойлан.Ырысьаланыңда анасы бар.Кім- кімде қызын шошандап деп біреу айтқанын қалайды.Ырысбаланың да анасы бар .Ауызыңа ие бол Аша сөлер алдында.Артық айтсам кешіріңіз.Қарғада өз баласын аппағым дейді.

  28. Аша Ырысбалаға тиісуіңізді қойыңыз.Ұят болады.Көп сөйлейсін дейсіз жəне сен кеше Ырысбалаға Шошандап дедіңіз.Ырысбалаға олай деп айтатын сен кімсің.Сен жүргізушісіз.Сен халықтың əдепті сөйлеп үйрен.Саған Ырысбаладан əдемі сөйлеу жөнінде сабақ алуың керек.Артық көп сөйлейсіз.Халық көріп жүр ұалаулымның көп қатысушылары Ырысбаланы көре алмайды.Соның бірі сен Аша.Сенде қыз өсіріп отырсың.Қызыңның алдында не күтіп тұрғанын сен білмейсін.Сондықтан сөйлер алдында ойлан.Ырысьаланыңда анасы бар.Кім- кімде қызын шошандап деп біреу айтқанын қалайды.Ырысбаланың да анасы бар .Ауызыңа ие бол Аша сөлер алдында.Артық айтсам кешіріңіз.Қарғада өз баласын аппағым дейді.

  29. Жастарга оте керек багдарлама адамнын жаксы жаманын ажырату максатында коп комеги бар!Аша Матай керемет!Нагыз калаулымга лайык жандар; РЫСБАЛА,Мади,Акжаркын,Карлыгаш,Жандос,Еркеш, Динара! жарайсындар ! Бакыт тилеймин! РЫСБАЛА ЖААНЫЫЫМ АШЕЕЙИИН! Жигиттердин бари сени оте жаксы кореди ,бари саган гашык ,бирак мойындауга журегинин туги жетпейди,Сенин мысынды басып сосын сени жубатсам деген сан жигиттин арманындагы арусын!Ел алдында сендей корикти,сендей акылды,сендей аузынан маржан тогилген жанды жигиттерин сози жетпей ,уысына тусире алмай дымы курып сени кореалмай,ашуланып,урысады сенимен,амалдары курып!
    Шынар сиякты аузынан бози тускен кыздар кызганып ,иши куйип олетинидей болып,жигитине ол адамга жолама , сасканынан сойлеспе, араласпа деп жылап ,уким айтар ,Осы гой уят та, олиммен тен деген ер азаматты шылгау кылды деген осы тусингендерге!Исламга сол керек ! Озинин туйсиги терен емес еди!Жалынып араласпа жолама деген айтканын болады дейди гой!Шынар екеуи ,Апама жездем сай,болды! Корип отырган 80деги ажемиз шошып жагасын устады 60жыл отассакта анаумен арласпа,мынаумен аралас деп айтып кормеппиз,мынау не бассыздык деди!Жастарга кандай улги ,онеге мынау деп отыр!Талим-тарбиенин аздыгы коринип тур!Казак осындайларга жетсин деп айткан шыгар Аке корген ок жонар,шеше корген тон пишер деп!
    АША ! Катты айтсам кеширим отинемин!

  30. Исламга сол керек ! Озинин туйсиги терен емес еди!Жалынып араласпа жолама деген айтканын болады дейди гой!Шынар екеуи ,Апама жездем сай,болды! Корип отырган 80деги ажемиз шошып жагасын устады 60жыл отассакта анаумен арласпа,мынаумен аралас деп айтып кормеппиз,мынау не бассыздык деди!Жастарга кандай улги ,онеге мынау деп отыр!Талим-тарбиенин аздыгы коринип тур!Казак осындайларга жетсин деп айткан шыгар ;
    Аке корген ок жонар,шеше корген тон пишер деп!
    АША ! Катты айтсам кеширим отинемин!

  31. Мен бүгінгі жанжалды түсінбедім. Замира анық айтып отыр ғой:»Кешегі даудан кейін, коридорда су ішіп тұрғанда, Жандос келіп боқтады»- деп. Мен Замираны түсіндім. Оны қолдаймын. Замира бақытты бол. Әділетті болудан тайынба! Басқа қыздар сияқты өтірік қылымсып отырған жоқсың гой, сол үшін сені сыйлаймын. Сен шынайысың, жасандылық жоқ.

  32. Қалаулымда я қосылып жатқан ешкім жоқ.Бір бірін көред танысад бир кафеге барад.Ертесіне келед болмады деп.Не бале.Сосын тағы биреу келед оған танысуға.Ол тағы онымен барад кездесуге рахат.Күнде каңғыру біреумен.Осылардын жұмыстары жокпа.

  33. ЗАМИРАға психологқа жолығу керек сияқты…
    Сандира мүлде ұнаған жоқ… Жандосқа келмейді… Ұялу қымсынуды білмейді екен өзі…

  34. Назерке мен Еркештің арасындағы сезімнің болғанын олардың түскен суреттеріне қарап ақ түсінуге болады,бір қызығы Назерке оның бəрін балалық деп күлкі тірлікке айналдырып бір мезетте өзгеріп мойындамай отырғандығы қатысушылардың да,көрерменніңде өзіне деген пікірін өзгеріуіне мүмкіндік берді.Еркеш жігіт қой дұрыс айтып отырған шығар.Асхат өте дұрыс айтты риза болдым.Назеркенің анасы дұрыс жасамады, Еркешке «емделу керек» деп артық айту дұрыс емес,одан да Назеркеге реніш білдіру керек сияқты.Қатысушылар көргендерін жеткізіп отыр ғой,бұл жерде Қанаттың шешімінде түсінген сияқтымыз.Еркеш балам болашағын алдында бұл да бір өмірден келешегіңе сабақ деп түсінуге болады Апай қызылорда

  35. Бұл бағдарламада ешбір қыз өз қалаулысын таба алмас, дәл осылай Аша жалғастыра берсе. Қазақтың тектілігін біздің болашақ аналарымызға үйретпей, тек бірінің -бірі артын ашып, масқаралап, бүкіл елдің алдында, бетін ашу-ұят тірлік . Аша ұялмай қалай қалаулыларыңды тапқыларың келсе бізге келіңіз деп жарнамалағанша, тағдырыңды талқандап , от-басылы болудан үміт үзгің келсе , бізге кел деу керек шығар саған. Әр қазақтың қызы үшін жүрегім ауырады бағы ашылса екен деп, менде қыз жоқ, бірақ сен анасың ғой қызың бар, ертең сол қызың осындай бағдарламада отырса ( Рысбала, Назерке, Қарлығаш)орнында сонда өзіңді қойып көр, бірінші басқаларға әңгіме айтпай, кім-кімнен кешірім сұрау керек екенін әліде ойлан.Бұл қыздардың неге бағдарламадан кетіп қалмайтындарын түсінбедім, әлде келісім-шартты бұзуға болмай ма?

  36. Басын бастадындар енді бүгін 15.09.2017ж. қөріп отрғанымызга қарай не болып кетті,бунда бақыт іздеп келіп отырған ешкімді қөрген жоқпын,өсек айтып бір-бірін жамандап,бірін сөзін бірі қөтере алмаса неғе отыр, Келғенен кейін бір-бірлеріне бақыт тілеп отырсандар,біреуге тілеғен бақыт бастырына кайтып келеді,ақылдарынын жетпегені ғой деп ойлаймын.
    Замираға келсеқ-жастарға берғен ұлгінбе? Ұяттан жұрдай ғой деп ойлаймын.
    Рысбала,Әсия дай қыздар балса ғой деп тілеймін,Әсия қоп сойлемей отыр,ақылды ғой,ақылы мен қөркі сай,әр нәрсені орнымен сөйлейді.Рысбала шіркін ұл болып тумағаны,қазактын билері кезінде мақал-мәтел мен соғысты,ұрысты керісті тоқтаткан,сол Рысбаланын айтқан сөздеріне құлак салса ғой ,сол айтқан сөздерін түсінсе ғой,ол ұшін қазак тілін оқу кереқ.Мен оө басым сол Рысбаланын бірірет айтқанынан кейн аузымды жабар едім,бірақ сол сөздерді тұсіну кереқ.
    Үш нәрсе қайтып оралмайды- уақыт-сөз-мумкідіқ
    Үш нәрсе жоғалтпа — сабырлық-ұміт-аброй
    Өмірдін үш қундылығы — махабат сенім-достық
    Үш уміт — арман-сәтілік- даулет
    Бүлдіруші үш нәрсе -қінә- менмендіқ-қеқ
    Анықтаушы үш нәрсе — енбеқ-адалдық- жетістік
    Барлыға бақыт тілеймін-бір бірлерінді сыйландар деп тілеймін,халық қөріп отыр,үяты бар адамға ақыл айтыуға орынды емеской деймін,қулақтарына алтын сырға.

  37. Осы хабарды жабыңдаршы. Тіпті 18 — 28 дегі ул мен кыз ұялмай ма . Сосын сондағы жігіттерде намыс болса қатысуын қойсын. Орыстардан көріп аласыңдарда шығарасыңдар. Ер жігіттерді мазақ қылып қойдыңдар. Жоба негізі дұрыс емес. Аша қарындасым әніңді айтып журе берші дурысы.

  38. Салем бұл жоба битбейтин бир дауга айналып бара жатыр биринин айтканын бири тындамайды кутты бир базарда журген адамар сиакты катысып отыргандар оздеринин кандай адамдар екендиктерин корсети

  39. Рысбала ақылы ң бар ғой деп , ойлаушы едім, бірақ бүгінгің ,үлкен апаңмен жасты адамға қарсы сөйлеп, шапшығаның ұят болды,
    Елдің алдында жүрсің ғой, өзіңді ұстағаның жөн болар.Асхат жарайсың БАЛАМ сенің айтқаның бəрі орынды.

  40. бұл қазақ халқының болашағына жасалып жатқан қастандыққой. жабу керек бұл шоуды! жастарды өзді өзімен қырылыстырып қойғаның не аша! ақша тапқан осы екен деп ойыңа келгенін істей бересіңе?! халық қалаулылары қайда қарап отыр! масқарағой мынау!

  41. Аман нағыз еркек. Келген қыздың ұнамағанын бəрі байқаса да Үлкееен сыйластық танытып сырласу бөлмесіне шақырды. Адамды сыйлау үлкеен тəрбие. Аман, осы қасиетіңмен ата анаңның жақсы кісілер екенінен хабар бердің. Қызды жұбатып шығарып салуды көздегенің дұрыс болды. Жарадың!!!!!!

  42. Аша халықтың 90 проценті қарсы білесіңбе? Қойшиш енді Оңки бет пердесі ашылғандар. Миларың жоқпане жап жап жап деп жатыр қалық. Аша қарындасым әніңді айтып журе берші дурысы

  43. Бағдарламаны мүлдем жауып тастау керек. Барып тұрған — масқара!!! Бүкіл Қазақстанды масқара қылып отыр!!! осындай бағдарламаны эфирге шығаруға телеарна басшылары қалай рұқсат беріп отыр. Халықтың алдына шығып алып, бір бірін балағаттап, төбелесіп, бірінің бірі басын жаруға дейін барып атыр. МАСҚАРА!!!

  44. Осы бағдарламаға қалай қатыса аламыз? Жол жобасын түсіндіретін адам бар ма мұнда?

  45. Мадидің сөзі мен ісі екі басқа,үйлеспейді. Назеркенің сыртынан,адамның сыртынан əңгіме айтқан адамды жақтырмаймын,сондықтанда қаламаймын деген,сол үшінде Сулуфан білезікті қайтып алған,енді қайтадан тағып алатын шығарсың беріп жатса.

  46. Рысбала өзі бір тартібі аздау бала екен шындығвнда. Бізге дұрыс жігіт келіп жатырма дейд,сен кім едің,келген жігіт сенен төмен емес,қайта олар сені ұнатпай жатырған жоқпа.Жігіткеде дұрыс əйел болатын адам керек шығар.Аша ханым барған үміткерлерді жүнше түтіп мəдениетсіздік көрсеткенді қою керек,не деген масқара,қатысушылар оларды сөгіп талауға қандай құқы бар, жөнді сұрағын қойып тиыш отыру керек,неге тəртіпке шақырмайсыз,үлкенгеде ақыл айтады «ақылгөйлер», үлкендер бастарынан өткесін ойланады ғой. Амандасып келседе бассалады,əркімнің жаратылысы əртүрлі, қалай сəлемдесседе өз еркі, Рысбалада да тəртіп жоқ отырған бір керемет,үміткерлер қаламай кетіп жатырған жоқпа,дұрыс жігіт келіп жатырған жоқ дейді,оған кім керек ,үлкен айтса бетін тырнап жатыр,Мира апаның айтқаны дұрыс.

  47. Мынау бағдарламаның қажеті қаншалықты жастарға ешқандай мән мағынасы жоқ. Сонда отырған жастар оның орнына жұмыс жасамайма. 11.10.2017 жылы шыққан бағдарлама өте ұят нәрсе мүмкіндік болса басқа бағдарлама жасап шығару керек

  48. Салматсызба Аша ханым.Мына хабарлама оте жаксы.Бірақ бұған жасы келген,немесе отырып қалған қыздар,болмаса жолы ашылмай жүргендер келу керек сияқты.Сосын жұп болғандарды шығармайсыздар ма.Олардын орнына басқалар келсин,ал сиздер олар үйленіп жатырса тойын көрсетіңіздер. Мен Мадидін ісіне қарным ашады.Сондай ақылды Жанеркені таңдамағанына.Келешек осы таңдауына өкінеді деген ойдамын. Жанель қазақта мақал бар:»Біреуге ор қазба,қазған орыңа өзің түсесін «деген,Назеркені қандай қылдың,алдыңа келді. Ішің өте тар қызсың! Еркеш сен тек Назеркемен бақытты боласың.Ешкімнің сөзіне ерме.Сен өткенде сол Жанельдын айтқанын істеймін деп аса артық кеттін.Назеркеден тікелей эфирде кешірім сұрағаның абзал болар. Назеркенің кінәсі сені жақсы көргені ма?Қызға кім сөз айтпайды,қымызды кім ішпейді.Сондай сүйкімді қызды тікелей эфирде бекер ренжіттің.Кафеде төлеп жатрған ақшаңды көрсеткенің ұят болды,

  49. Сəлеметсізбе? Мен осы қатысушылардың арасында бір қызға көзім түсіп жүр жолын айтып жібересіз бе? Рахмет сизге

  50. калаулымга калай катысуга болад отбасын кұрғым келеді сосн тагы ватсап номерлеріңізді жазып жибересиздерма киын болмаса

  51. Мынау «Қалаулым»бағдарламасы ма,əлде екеу ара «Ұрыс жекпе-жек» бағдарламасы ма,не деген ұятсыздар үміткер келсе,қатысушыны сөгіп мəдениетсіздігін көрсетеді,Шынар мен Ислам өздерін тəрбиелеп алсын,көкбеттеніп беттерінен шығып тұр,екеуінің де мінезі нашар,Ислам отырған бір ақыл ата болғысы келеді майлап сөйлеп,жігіт дегендер қатын сияқты ұрыс -керісті білмеу керек қой,жұп болыпта қарық болмас. Аман алға,ешкімді тыңдама,ұрыстан оларды жеңе алмайсың,ержігіт боп қал.Рысбала көбік ауыз ,көп сөйлейді,оған күйеу болу қиын шығар.Отыр ғой қатысушы қыздар өздерінің тəрбиелігін көрсетіп,орнымен сөйлеп сөз берсе,олар сенен артық болмаса кем емес,сауатты,мəдеиетті,Акжарқын мəдениетті сөйлейді тамаша қыз.

  52. Шынар жігіттің басын төмендетіп кешірім сұрата бергеннен ештеңе ұтпайсың,ертең жанұя болсаң неше түрлі жағдайлар болады,сонда не істейсің,балдарыңның алдында осылай концерт қойып отырасыңба,ер жігіттің басында болады бұндай жағдайлар,соның бəріне көнсең ғана жанұя боласың,көнбесең болмайсың,бұл бер жағындағы дүниелер, əйел адамға көп нəрсе байланысты,ақылмен шешсең көп жетістіктерге жетесің, ал бір айтарым ер адамды жеңем деу мүмкін емес жағдай.Ақылға салыңдар!

  53. Ай Мади-ай ұяттау болды,алдында асығыстық жасадың ғой,ойлануың керек еді, Аша ханым» Не болды,алдында қайтармағанда шашыңнан айырылмайтын едің,-деді,сен қателік бар адамда болады,Сулуфанды жақсы жақтарын көрдім деп үміткердің көзінше ұсыныс жасадың, бəрі асығу салдары,негізі дұрыста шығар екнуің бір-біріңе жараспайтын едіңдер,жұптарыңды тауып бақытты болыңдар

  54. Мади сенің тірлігің басында ойланбай асығыс жасаған ұсыныс болды, бір қателікті қайта-қайта жасадың,жақсы сабақ болған шығар, енді «Алға» бақытты болыңдар деймін.

  55. Мади жігітке лайық тірлік жаса,Замираға қосылып таяқ сындырып тырнақ астынан кір іздеп жаман қатынның ісін жасама,жараспайды,əлде екінші Замирасыңба,деңгейіңді түсірмесей,жиіркенішті болдың сол сəтте. Сакен өзінің ойын айтқаннан кінəлі емес,ол маска киіп сөйлемейді, сендер өздеріңнің күлкілі істеріңе жауап берсеңші(ақылсыз тірлік.Ұнамады, ұнады,жұп болайық,енді ұнамай қалды) Кішкентай баланың тірлігі,басың қайда,сондықтан Сен Сакеннен кір іздемей-ақ қой,оның табиғаты сондай,жасанды емес. Тазасы осы,ол жерде ешкім ешкімнен артық емес, сен бірақ əйелдің деңгейіне түспе ,төмен тірлікке жақын болып кеттің ғой ,керек емес,Барлығыңда бақытты болыңдар!

  56. Айналайындар-ау. Аша қарындасым Екі жастың басын қосамыз деп ШОУ жасап Қазақ жастарын басқа ұлтқа келеке мазаққа айналдырғандарың ұят емес пе? Қыздардың Бақтарын балтамен шауып жатырсыңдар. Жігіттерді əлсіз етіп, қыздарды тəрбие көрмеген етіп көрсетудесіңдер. Ұят болады бағдарламаны жапқандарың дұрыс
    жария етпей қоссаңдар да болады ғой.

  57. Мадина сен өзіңнің кім екеніңді көрсеттің,сырға сал деуге қалай ұялмайсың,сен күйеуге тиген əйелсің ғой,не деп сырға салады саған,Сейсенбек ағаны құдай сақтап қалды,ол керемет кісі, сен не қыз сияқты оған қылымсып қыр көрсетесің, өте нашар екенсің,мен елімнің бетке ұстар қызымын деп қоймайсың,ол жерде сенің кім екенің ешкімге қызық емес,сондай-ақ қай жағының жұлдызы,беткеұстары едің,не тындырып едің,сол жерге келіп неғып күйеу іздеп келіп отырсың, үлкен жасың келген əйелсің, ене болып отырмайсыңба, сырға тақ деп отырған жеріңді шулатып,елге мазақ болғанша,ана жастарға не тəрбие көрсетіп отырсың ұят-ай,ұят-ай .Екінші мəселе ана Мади деген жігіт жаман қатынның тірлігін қою керек, бұзықтықты бастап беріп бүлдіоеді де отырады,тиыш отыра алмайтын жігіт деген атқа кір келтіріп бұзық қатынның тірлігін жасап отырады,Сакен одан артық еркекше сөйлейді. Мади де өзінің кім екенін көрсеткен адам,сөзі мен ісінің мəні жоқ біреу.

  58. Мадина сенің ісің ел алдында масқара болдың,Сейсенбек аға дұрыс шешім жасады,жақсы,ақылды адам.Сен ол кісіге қосылмай жатып бұйрығыңды жүргізіп,айтқаныңды істету болды,қатты қателесесің,ол ер кісі өмір көрген,өзің айтқандай қызмет жасаған,жақсы ,жаманды айыра білетін адам,он екіде бір гүлі ашылмаған қыз болып сырға сал деп масқара болдың,бетке ұстар қызбын деп айтасың бұған түсінбедік қандай болсаңда ол жағын өз туысың білер,қатты қателестің,өзіңе өмірлік серік іздеген екенсің ақылға салмайсыңба, тіптен қасыңдағы жастардан ұят болды-ау,ол кісі қашып құтылғандай болды ғой.

  59. Аша ханым! Мына Еркеш пен Асель ұятсыздарды жобадан міндетті түрде қуып жіберіңіз,бұл сіздерді көріп отырған көрерменнің пікірі деп түсініңіз.Лас адамдар ол жерде отыруға лайық емес,Еркеш өте лас ойлы, пасық, бвқсыған жігіт екен.Өткенде Назеркені де осылай жасаған боқ пиғылымен,өзіне үміткер келмегесін өзін осылай көрсеткісі келетін шығар,оған келмейді ,қай келбетіне,бойына,ақылына келеді оның.Ал Асельде ұяты жоқ бала екеуі бір-біріне сай,»кетсін»жобадан ластар,жобаның атына ұят жасады, беделі қалмады жобаның,я болмаса жобаны жабыңдар,не сұмдық,үміткерге деген қандай сенімділік,сыйластық қалды, ой ұят-ай.

  60. Еркеш пен Асел тез арада жобадан міндетті түрде көрерменнің сұрауымен кету керек деп есептейміз Аша ханым. Еркеш пен Асел жиіркенішті адамдар,Еркеш өзіне үміткер келмегендіктен осындай істерді жоспарлы түрде жасайды,сөйлеу мəнерінің өзі жиіркенішті ,жігіттік қасиеті жоқ.Назеркені енді.түсіндік. Жобаны абыройдан жұрдай қылды екі ұятсыз,Ернар өте мəдениетті,көргенді жігіт,Асел оған лайықты емес.

  61. Жобога катыскым келеди отбасы кургым келеди жасым 35те ажырасканмын еки балам бар

  62. Уважаемая Аша Матай! Прош заранее извинение за комментарий на русском языке, Мне так удобнее довести свои мысли. Почем Вы начинаете расследование личной жизни людей? Разве это ваша задача? Вы сами говорите, что созданы для соединения двух влюбленных сердец. По факт вы занимаетесь разборкой личной жизни. Вот это не этично, Доводите своих участников до драки и скандала своими вопросами. же не хочется смотреть. Прекратите сои расследования личной жизни людей. Можно за кадром объяснить , а не афишировать позором молодых людей,

  63. Аша Матай сәлеметсзбе Осы жастар ерігіп отырған сияқты. Әсііресе ер балалар қыздарды мазақ қылып бір екі жүріп алады да ұнамайды деп көкірейеді.Не істеп отыр осы жобада. кетсін. қаншама үйлене алмай жүргеееееен қаншама ересек адамдар бар соларды неге шақырмасқа. Мүмкін бір бірін таба алмай жүрген жұптар жүрген шығар. Мәди мен Асхат вообще кетіп қалсын жобадан.

  64. Шахкəрім мырза сіз тек шындықты ғана айтады екенсіз халықты алдамайсыз , Айгерімнің айтқаны өтірік болса 25 қатысушы жұмыстарын тастап 6 ай бойы қалаулымның бағдарламасында таңертеңнен кешке дейін боламыз дейді жас бала _ қыз емес оларға айлық төлемесеңіздер қандай қаражатқа өмір сүріп жатыр ? Осы сұраққа жауап бере алсаңыз сенер едік ,.бірақ жауап болады деп ойламаймын, халықты алдап отырған бірінші өздерің! !!

  65. Динараның Исламға келген Маяға қойған сұрақтары өте дұрыс болмады. Сен қызың бар,ажырасқансың қалай келдің,-деп ,мəдениетсіздік көрсетті.Исламға менен де күшті,менен де артық қыз келу дұрыс деп санаймын,-деді. Сонда Динара өзін кімнен артық санап отыр,түсінбей қалдық. Динара деген кім ол?Ол əшейін бір өлең айтып жүрген қыз бір кафеде,ресторанда деп білеміз,нақты жұмысы не,білмеймізде? Ал Мая ол жоғары білімді дəрігер-мəдениетті қызметкер,бір баланың анасы,сабырлы,ақылды,мəдениетті түрде жауап беріп отырды.Мая Динарадан артық.Динара несімен артық,білмейміз, түр келбеті орташа, əдемі,сүйкімді емес,киім киісі де ерсілеу,өзін-өзі мақтайтын ешнəрсе көріп тұрған жоқпыз. Исламды таңдамай,қайдағы бір ажырасқан орысты таңдап отыр ғой өзі де,Ислам сымбатты ,көрікті, сабырлы бала,Динараға қалай келген деп ойланып едік,Аша Матай Динараға өте дұрыс ескерту жасады,»Артық емес деп кім кепіл бере алады деп».Артық сөйлеу дұрыс емес,өз-өзіңді мақтама,сені жұрт мақтасын.

  66. Ислам мен Шынар бір-бірін тапты енді неғып отыр,жобада қашан үйленгенше 2-3жылдап отыра береді ме ермек етіп,орынды босатып басқа жастарға орын беру керек. Ислам жақсы ер мінезділігі бар,Қызылорда жігіттері қыран деген сол, Шынардың мінезі біртүрлі ғой,қарапайым Асхатқа неге тиісті шар-шар етіп,ыңғайсыз екен. Исламға да сондай жағымсыз мінездерімен жақпай қалады ғой , өте ақылгөйсіп сөйлеп,Асхат жөнді орнымен сөйлейтін жігіт,оны халық көріп отыр. Ислам анау-мынау орынсыз іске көнбейді,айтқаны дұрыс,ержігіт солай болу керек.

  67. Мына Шынар мінезі өте нашар,көгереңдеп «мені жеңіп ал»-деп безірейеді де отырады,еркектермен ұрысып беті ашылған,ақылгөй болғысы келеді, өтірік жылап еркектерге тізе бүктіріп,кешірім сұратып үйренген,Асхатта одан кешірім сұрағысы келіп тұрған жоқ еді,Шах-Керімді сыйлағаннан ғана сұрауға мəжбүр болды, қолын бермей безірейіп көктігін көрсетіп тұрды,бұлда теріс қылығын,мəдениеті жоқтығын білдіреді.Басына іс түскенде дос болғанын ұмыт болып,жылап-сықтап жүріп ақыры Исламды кешірім сұратты.Мына көктігімен қалай келін болып жарытады,сенбеймін, сондықтанда Ислам əліде ойланып жүрген сияқты көрінеді,енені қалай сыйлайды,енеге де «мынауың дұрыс емес»-деп кешірім сұрататын сияқты ғой,Асхат өте мəдениетті сөйлейді,соданда қатысушыларға жазықты болып жатырма, көрермен айтқандай Мади шыныменде «бұзықтық»жасап тілін Сакенге тигізіп отырады,біреу не айтса соны қоштап,əр ержігіт əйел сияқты сөйлемей өз ойын ғана айту керек қой,Мади қандай жігіт келсе сонымен дос болады,қалғаны қала береді,тұрағы жоқ,табаны тайқып,сырғып тұрған жігіт.Ренжіме, бірақ осылай дұрыс

  68. Гүлсім апа. Мен осы өткен қалаулым күнделігіне пікір айтқым келеді. Жанерке менЕркебұлан өте жақсы жұп. Оларға неге сонша шүйлегесіңдер. Жұп болды ғой. Енді неге Марат омаров келген соң сол кісінің сөзі əсер етті деп. Өтр сөйлеп қойдыңдар өте ұят нəрсе екег. Халық көріп отыр ғой. Одар өздері аұылдасып шешіп келді ғоц

  69. Гүлсім апа. Мен осы өткен қалаулым күнделігіне пікір айтқым келеді. Жанерке менЕркебұлан өте жақсы жұп. Оларға неге сонша шүйлегесіңдер. Жұп болды ғой. Енді неге Марат омаров келген соң сол кісінің сөзі əсер етті деп. Өтр сөйлеп қойдыңдар өте ұят нəрсе екег. Халық көріп отыр ғой. Одар өздері аұылдасып шешіп келді ғоц

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version