«Қазақ елі» фильміндегі әндерді Сәкен Майғазиев орындап шыққан

«Қазақ елi» фильмiндегi оқиға желiсi Керей мен Жәнiбектiң бала кездерiнен бастап есейiп, ер жетiп, ел басқарып, Қазақ хандығынын құрғанға дейiнгi аралықты қамтиды. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында фильмде Керей мен Жәнiбектiң бала кездерiнде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетiледi. Фильм барысында қазақ жерiнiң әсем табиғаты, сол замандағы Жiбек жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты iрi қалалар, зәулiм хан сарайлары бейнеленедi», — деп мәлiмдедi Дәуренбеков.

Режиссердiң айтуынша, фильмнiң бiр эпизодына арнайы жазылған «Қарақшылар» әнiн Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды кәсiби әншiлер орындаса, «Шымкент шоу» театрының актерi Берiк Тұрсынбеков, Ғ.Мүсiрепов атындағы жастар театрының актерлерi дубляж жасауға атсалысты.

Фильмнiң өндiрiстiк жұмысына 60 астам адам қатысты. Фильмнiң тарихи кеңесшiсi — тарих ғылымдарының докторы, профессор — Жамбыл Артықбай, фильмнiң әдеби кеңесшiсi — Дулат Исабеков, режиссерi — Батырхан Дәуренбеков, сценаристi — Сағадiлдә Үсiпбәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы — Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшiсi — Азамат Ерназаров, фильмнiң директоры — Нұриддин Патеев, бас продюсерi — Сәбит Әбдiқалықов.

Атап өтсек, анимациялық фильм жоспар бойынша толықметражды болады деп көзделген. «Сақ» киностудиясы фильмнiң 2 жобасын әзiрледi. Яғни хронометражы 75 минуттық толық метражды және 6 бөлiмнен тұратын сериал түрiнде қазақ тiлiнде дайындады.

Дереккөзbaq.kz