Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері «Эльбрус сақинасы» халықаралық сайысына қатысу үшін толыққанды дайындықтан өтті. Олар жартасты аймақтардан өту шеберлігін арттырып, таудан ағатын өзендердің үстінен арқан арқылы өтіп үйренді.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскерилер жігерін жанып, физикалық дайындығын арттыру үшін 2000 метр биіктікте қару-жарақтарын асынып, жедел-марштан өтті.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Еуропаның ең биік нүктесін бағындыру кезінде түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы Күштер халықаралық сайыста ел намысын қорғау үшін барын салып дайындалды.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскерилердің әр кедергіден өту уақыты есепке алынып, олардың жылдамдықтары да өлшенді.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Эльбрус сақинасы» халықаралық сайысы 30 шілде мен 11 тамыз аралығында Ресей Федерациясындағы Қабарда-Балқария Республикасында өтеді.

Сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әскерилер жасанды тасты рельефтерге скалодром арқылы өрмелейді. Екінші кезеңде барлық қару-жарақтарын асынып, таулы аймақтарда жаяу маршқа түседі.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Үшінші — қорытынды кезеңде әскерилер Еуропаның ең биік нүктесі 5 642 метрлік Эльбрус шыңын бағындырады.

ҚР Қарулы Күштері
©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Осы үш кезең бойы командадан ешкім шығып қалмауы керек, яғни барлық кедергілерден бүкіл әскерилер бірге өтеді. Олардың әрқайсысының арқасында салмағы 40 килограмм болатын қару-жарақтары мен жабдықтары болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!