Алматылық «Қайрат» футбол командасы Еуропа лигасынан шығып қалды

Корче қаласында өткен екінші іріктеу кезеңінің кездесуі 2:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда «Қайрат» пен «Скендербеу» гол соға алмады. Екінші таймда «Скендербеу» командасынан 58-минутта Сабиен Лиляй гол салды. 83-ші минутта екінші голды «Скендербеу» форварды Себино Пляку  салып кетті.

Сондай-ақ, «Ертіс» футболшылары да Еуропа лигасынан шығып қалды. Аталмыш команда «Црвена Звездадан»жеңіліп, есепті 2:0 есебімен бітірді.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Скендербеудің» Алматыда өткен алғашқы матчы 1:1 есебімен аяқталған еді.

ДереккөзVesti.kz