Бүгін экономист Рахым Ошақбаев министрмен теледебат өткізеді

Ашық теледебат 21 шілде күні кешкі сағат 19:30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Пікірталастың тақырыбы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы болмақ.

Бұл туралы экономист Рахым Ошақбаев Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады.

Рахым Ошақбаев осыған дейін де әлеуметтік желіде міндетті медициналық сақтандыру салымы туралы сыни пікір жазған болатын. Ал теледебатқа шақыруды бірінші денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жасаған.

Дереккөз7kun.kz