2017 жылы 15 мамырда Бейжіңде ШЫҰ мен АӨСШК арасында Халықаралық Астана марафонын өткізу туралы келісім жасалған болатын. Биыл Азиядағы Өзара Ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 25 жыл толып отыр. Атаулы күннің «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесімен қатар келуіне байланысты, марафон өткізу туралы шешім қабылданған еді. Халықаралық Астана марафоны ең ауқымды спорттық-мәдени шаралардың бірі болғалы тұр.
Халықаралық марафон 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астана қаласының сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды.
Спорттық шараға ШЫҰ мүше елдерден 50 спортшы келеді. Жүгіру үш түрлі деңгейде: 42 км, 10 км, және 2 017 метр қашықтықта өтеді.
«Жарысқа шетелден 1 мың желаяқ келеді деп күтілуде. Ал біздің елден 4 мың адам қатысады», — дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.
Марафонға тіркелу 15 шілдеден басталды. Тіркеу жұмыстары онлайн түрде жүзеге асырылады. Ол үшін мына арнайы сайтта тіркелу қажет.