Басты бетЖаңалықтарҚоршаған ортаның...

Қоршаған ортаның жағдайын жақсартудағы әйелдердің рөлі

Аталмыш шара 2016 жылы 4 қазанда Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында қол қойылған траншекаралық өзендердің экожүйесін сақтау жөніндегі келісім аясында өтеді. Қазақстан мен Ресей бірлесіп өткізетін бұл шара биыл 21-нші рет өткізілетін Жайық экспедициясының заңды жалғасы болып табылады. Форумның басты мақсаты — Жайық өзенінің экожүйесін сақтау, жақсарту, «жасыл» экономиканы дамыту.

2017 жылдың 11 наурызында БҚО әкімі А. Көлгінов пен Орынбор облысының губернаторы Ю. Бергтің арасында Жайық өзені туралы хаттамаға қол қойылып, жыл сайын арнайы Жайық Күнін өткізу шарасы белгіленді.

Форумды ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы аясында облыс әкімдігімен бірлесе ұйымдастырды.

Форумға Ресей федерациясының Башқұртстан, Оренбург, Саратов, Челябинск облыстарынан, халықаралық ҮЕҰ, Ақтөбе, Атырау облыстарынан делегаттар және жергілікті, орталық атқарушы органдардан барлығы 300 адам қатысады деп күтілуде.

Әйел кәсіпкерлерді «Жасыл экономиканы» дамытуға тарту- форумның негізгі тақырыптарының бірі. Сондай ақ Ресейдегі «Экология жылы-2017», Астана қаласындағы «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі аясында экономиканың жетекші саласы «жасыл» технология жөніндегі бірлескен жобаларды енгізу мәселесі де ұсынылды. Сонымен бірге форумда туризм саласындағы бизнесті дамыту, қызмет көрсету, сувенирлік өнімдерді өндіру, қонақ үй бизнесі тағы да өзге мәселелер көтерілетін болады.