Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бердібек Сапарбаев өзінен орысша сөйлеуді талап еткен қытайлық аудармашыға шүйлікті

nur.kz

Бұл жағдай облыс әкімі мен аймақтық кәсіподақ бірлестігінің қатысуымен өткен «Ұлы Қабырға» ЖШС Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы басшысының ұжым алдында есеп беру жиыны кезінде орын алды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев компания ұжымы алдында елдің экономикалық ахуалы туралы әңгімелеген кіріспе сөзінің соңында:

— Басшыларыңыз түсініп отыр ма? Аудармашы бар ма? — деп сұрады ұжымнан. Сол кезде компанияның ұлты қытай аудармашысы:

— Біз қазақшадан аудара алмаймыз. Егер сіз орысша сөйлесеңіз мен бірден аударар едім, — деді.

— Қазақ тілін білмеуіңіз дұрыс емес. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? — деп қайта сұрақ қойды облыс әкімі.

— Қазақ және орыс тілдері. — Жоқ, олай емес. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі. Сондықтан қазақ тілін үйренуге де тырысу керек. Мен кеше мемлекеттік хатшымен бірге Назарбаев зияткерлік мектебінде болдым. Онда АҚШ-тың азаматы ұстаздық етеді екен. Бұл мектепте 5 жыл жұмыс жасаған. Қазақша өте керемет сөйлейді. Мен одан қазақшаны қалай үйренгенін сұрадым. Ол «Мен Қазақстанда өмір сүремін ғой. Сондықтан мемлекеттік тілді білуім керек» деп жауап берді маған. Біздің азаматтарымыз да Қытайда қытайша, АҚШ-та ағылшынша сөйлейді емес пе?! Өйткені өмір сүретін, жұмыс жасайтын елді сыйлау керек. Және сол елдің заңдарын орындауың қажет, — деді Бердібек Сапарбаев қытайлық компанияның қазақша білмейтін аудармашысына.

Естеріңізге салайық, бұған дейін «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының қытай басшылары қазақ жұмысшыларынан қытай тілін үйренуді талап етіп, сол тілден емтихан қабылдайды деген ақпарат тараған болатын. Бұл ақпаратты не компания өкілдері, не жергілікті билік жоққа шығарған жоқ.

Мақалаға реакция

16 Пікір

  1. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Аким дурыс айтады барлык аким Б.Сапарбаевтай болу керек ризамын
  2. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Рахмет. ????????
  3. Г
    Гулназира 10 жыл бұрын
    Б.Сапарбаевка Казакстан тургындары разы екенине шубам жок!
  4. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алла тагала денине куат бергей Азамат оте дурыс айтыпты
  5. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Бәрекелді
  6. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    ????????????
  7. Т
    Таза Қазақ 10 жыл бұрын
    Нағыз ЕЛ басқаратын адам!
  8. Н
    Нагашыбай 10 жыл бұрын
    Болашакта осы кисини Президент етип сайлау кереккой негизи!
  9. Б
    Бір қазақ 10 жыл бұрын
    Қытайлықтар да нен бар, алдымен өзімізден бастау керек премер-министер, министерлерден, үкіметен, басшылардан осыларды сөйлемесе жұмыстан қу керек
  10. Ғ
    Ғарифолла 10 жыл бұрын
    Нағыз азамат осылайша тилин, дйнйн ,коргаса сыртан келер жау болмасы анық!
  11. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Қытайларга тиетін қыздарда орыс тилды қазақтар!так что бүкіл шетелдикти өз ана тилимизде сайрату ұлы стратегия!Сапарбаев нағыз ағартушы екен!
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Жарайсыз осылай орындарын көрсетіп койсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді еліміз тыныш сіздей ағалар аман болсын
  13. А
    Айжан 10 жыл бұрын
    Не дегенмен өз тіліміздің аяққа тапталғанын қанша азамат ескертті, енді міне өзге ұлтта мойындамай бетімізге басты. ендігі әрекет осыны жоғары жақта коретін көз, еститін құлақ болса дейміз.....
  14. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Айналайын Бердібек аға!!! Ата-бабаңызға мың рахмет! Жұмысымды жақсы көңіл күймен бастайын деп отырмын! Қазаққа бір серпіліс бердіңіз!Ұлы қазақ халқын сіздердей азаматтары жасай берсін!
  15. J
    Jazira 10 жыл бұрын
    Nagiz oz elin svigen jumis jasaitin shinai adam jasagan jumistari kornip tur halik maktan etedi....
  16. Н
    нұрлан 10 жыл бұрын
    егер президентік сайлауға түссеңіз тус туған дос жарн болп тек сізге даус берер ем.