BBC журналистерінің жалақысы 30 млн фунттан асады

BBC-де ең көп қаламақыны Top Gear тележүргізушісі Крис Эванс пен футбол комментаторы Гари Линекер алады екен.

  • Атап айтсақ, Top Gear бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, радиодиджей Крис Эванс –2,2 млн фунт;
  • Спорт шолушысы Гари Линекер – 2 млн фунт;
  • BBC1 арнасында теле-шоу жүргізушісі Грэм Нортон – 850 мың фунт;
  • BBC1 телеарнасының кешкі жаңалықтар жүргізушісі Хью Эдвардс – 550 мың фунт;
  • Теле және радиобағдарламалар жүргізушісі Джереми Вайн – 750 мың фунт;
  • Жексенбі сайын шығатын саяси телебағдарламаның жүргізушісі Эндрю Марр – 500 мың фунт;
  • BBC1 телеарнасының кешкі жаңалықтар жүргізушісі Фиона Брюс –350-400 мың фунт;
  • «Жұлдыздармен би» телебағдарламасының жүргізушісі Клаудия Уинклман –450-500 мың фунт;
  • Жаңалықтар мен деректі бағдарламалардың жүргізушісі Джордж Алагайя –250-300 мың фунт шамасында табыс табатыны анықталған.

Жарияланған тізімдегі 96 қызметкердің жылдық табысы 150 мың фунттан асады. Олардың жалақысы мен қаламақысы 30 млн фунтты құрайды.

Алайда, олардың жалақысы коммерциялық телеарналарда істейтін әріптестерінің айлығынан әлдеқайда төмен.

ДереккөзBaq.kz