Басты бетЖаңалықтарАстанада "Щелкунчик"...

Астанада «Щелкунчик» шоуының тұсаукесері өтті

Астана тұрғындары мен қонақтарына ең үздік мәнерлеп сырғанаушылар мен мұздағы әлемдік акробаттар, әуеде қалықтаған гимнастика шеберлері өнер көрсетті. Аталмыш шараны 5 мыңға жуық адам тамашалады. Шоу Петр Чайковскийдің музыкасына жазылған неміс жазушысы-романтик Эрнст Гофманның «Жаңғақ шаққыш (Щелкунчик) және тышқан патшасы» ертегісінің желісі бойынша заманауи қалыпта қойылған.

Шоу "Щелкунчик"

Танымал мәнерлеп сырғанаушы, екі дүркін олимпиада чемпионы, шоуды ұйымдастырушы Евгений Плющенконың айтуынша, шоуда өнер көрсетуге ең мықты мамандар алынған.

«Биыл Астананың туған күніне арнап біз «Щелкунчик» қойылымын көрсеттік, бұл орайда біз мерекенің бел ортасында жүргенімізге қуаныштымыз. Біздің қойылымымыз балалармен көруге болатын болатын отбасылық шоу, оған мықты спортшылар мен акробаттар, әуеде қалықтайтын гимнастика шеберлері тартылған. Бұл тұрғыда көрермендер алдында үздік мәнерлеп сырғанаушылар мен мұздағы акробаттар әдемі костюмдер киіп, әсерлі голограммалар мен бейнеэффектілердің сүйемелдеуімен өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендердің ыстық ықыласына рахмет, сіздерді 15 шілдеге дейін жалғасатын шоуымызбен қуантатын боламыз»,- деді ол.

шоу

Мұз айдынында қойылған шоудың басты рөлін ресейлік атақты мәнерлеп сырғанаушы Ирина Слуцкая сомдады.

«Мен сақтандырусыз өнер көрсеттім, дегенмен «Снежный Король» қойылымымен салыстырғанда менің бұл жолғы рөлім оңайырақ болғанымен, өте жауапты. Жұлдыз атану – кез-келген спортшының арманы», — деді ол.

Шоу-ертегінің соңында Дима Билан мен Елизавета Анохинаның орындауындағы «Жұлдыз» («Звезда») композициясы орындалды. Бұл туынды аталмыш шоудың саундтрегі болып есептелді.