Басты бет Жаңалықтар Әлемге әйгілі футбол жұлдыздары Астанаға келмек

Әлемге әйгілі футбол жұлдыздары Астанаға келмек

Астанадағы 5-6 тамыз күні өтетін EXPO-2017 Football Cup турниріне әлемдік футбол жұлдыздары қатысады. Аталмыш дода «Кубок легенд» турнирі форматында "Астана-Арена" стадионында өтпек.

©vkpress.ru

Яғни, алаңда 5 ойыншы мен 1 қақпашы болады.

Турнирде Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия мен әлем құрамасы кездеседі. Көрермендер Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов пен тағы басқа футболшылардың ойынын тамашалауға мүмкіндік алады.

Еліміздің атынан турнирге футбол ардагерлері –Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Әубәкіров, Мұрат Тілешев, Нұрбол Жұмасқалиев пен Андрей Финонченко қатысады.

Айта кетейік, әлемдік футбол жұлдыздарымен 4 тамызда жанкүйерлер кездесіп, естелікке суретке түсіп, қолтаңба ала алады. Ал турнир кестесі мен матч алдындағы шаралардың медиа-жоспары жеребеден кейін белгілі болмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version