Басты бет Жаңалықтар «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы құрылды

«Қазақтуризм» ұлттық компаниясы құрылды

«Қазақ туризм» ұлтық компаниясы елімізді туристік әлеуетін шетелде ілгерілетумен айналысатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстан туризмін шетелге таныстыру болса, екінші миссиясы — туризм арқылы елге инвестиция тарту.

«Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше», — деп түсіндірді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

«Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады», — деп қадап айтты ол.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version