Аталмыш дода ең қызықты, әлеумет үшін аса қажет және қоғамға пайдалы бастамаларға арналған. Бұл байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген жас тегін қатыса алады.
«Жоба барысында оқу тренингтері өткізіледі. Қыркүйекте 64 жобаның авторы Астанаға келіп, телевизиялық бағдарламаға түсуге әзірленеді. Авторлар жобаларын қалай қорғайды, қалай сөйлеу керек, қалай жобаны таныстыру керек — бәрін де үйретеміз. Желтоқсанда ақтық сайыс өтеді. 4 автордың жобасы іріктеліп, оның ішінде біреуі жеңімпаз атанады», — дейді «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі бас директоры Ләззат Көккөзова.
Қатысушылар шілденің 20-нан бастап 1-қыркүйекке дейін додаға қатысуға өтініш бере алады.
Айта кетейік, қатысушылар ішінен ең үздік 64 жобаның авторы байқау соңында Астанаға жиналады.