Басты бет Жаңалықтар Алматы мен Астана әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Алматы мен Астана әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Алматы мен Астана халықаралық әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр.

Көрнекі сурет

Астана әуежайының онлайн-таблосында Алматы, Павлодар және Талдықорған қалалары бағытындағы рейстердің кешігіп жатқандығы жазылған. Алматы қаласынан ұшып келетін рейстер де кешігіп жатыр.

Ал Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосындағы мәліметке сәйкес, Астана мен Үрімші қалаларына ұшатын екі рейстің ұшу уақыты кейінге қалдырылды. Одан басқа, Астана және Үрімші қалаларынан Алматыға ұшып келетін рейстер де уақытша тоқтатылды.

Қазіргі сәтте Астана, Өскемен, Бангкок және Қазан қалаларынан Алматыға бағытталған рейстер кешігіп жатыр.

Кешігу уақыты 30 минуттан 6-7 сағатты құрайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version