Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкиннің қарсыласы «Канело» 27 жасқа толды

Геннадий Головкиннің қарсыласы «Канело» 27 жасқа толды

18 шілде күні мексикалық боксшы Сауль Альварес 27 жасқа толғанын атап өтті.

Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласының туған күнін НВО телеарнасы назардан тыс қалдырмады. НВО телеарнасы Головкин — Альварес жекпе-жегін тікелей эфирден көрсететін болады.

«Канелоның» GGG-ден басты артықшылығы — оның жас ерекшелігі. Сарапшылар мен журналистер осы мәселе туралы жиі айтады. Сауль Альварес кеше ғана 27 жасқа енді аяқ басты. Ол отандасымыздан сегіз жасқа кіші.

Естеріңізге сала кетейік, «Головкин-Альварес» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version