Қырғызстандабиыл мектеп түлектеріне жасап шығарған 48 мың аттестат жарамсыз болып шықты. Құжатта қате табылған. Осыған байланысты елдің білім және ғылым министрлігі мектеп түлектерінің алдында кешірім сұрап, елдің жоғары оқу орындарынан талапкерлердің құжаттарын аттестатсыз қабылдауын сұраған.
Жаңа аттестаттар екі апта ішінде дайын болады.