Қарызы бар азаматтар енді шетелге оңай шыға алатын болды

Себебі бұған дейін қарызы отыз мың теңгені құрайтын азаматтарға шекарадан шығуға тыйым салынған еді. Сондықтан қара тізімге іліккендер дәл сапар алдында жолынан қалып, жоспарланған демалыстарынан қағылғаны есте. Енді мұндай түсінбестіктер болмайды дейді мамандар. Өйткені бұдан былай кез-келген азамат өзінің қара тізімде бар-жоғын оңай біле алады екен. Ол үшін Әділет министрлігінің сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін терсе болғаны.

“Бұрын дер кезінде хабарландыру алмаған азаматтар шекарадан шыға алмай, дау тудырған кездер көп кездесетін. Енді қарызы бар-жоғын арнайы сайт арқылы анықтауға болады. Мұндағы мәліметтер күн сайын жаңарып отырады. Тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті”, – дейді Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көкебаева.

Дереккөзktk.kz