Бөлінген гранттардың 3 793-і жоғарғы оқу орындарында (оның ішінде білім саласында оқу үшін – 1550, техника ғылымдары және технологиялар — 1898, ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария бағыттары бойынша – 345) бөлінсе, 720 грант колледждерде оқуға арналған.
«Серпін» жобасына Маңғыстау, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстары жастарының түлектері ғана қатыса алады.
Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау келесі орындарда жүргізіледі:
Алматы облысы:
- Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
Жамбыл облысы:
- М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты;
- Тараз инновациялық – гуманитарлық университеті;
Қызылорда облысы:
- Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
Маңғыстау облысы:
- Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;
Оңтүстік Қазақстан облысы:
- М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеті;
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты.
Колледждерге түсу үшін:
- Алматы облысында Талдықорған сервис және технология колледжі;
- Жамбыл облысында Жамбыл политехникалық колледжі;
- Қызылорда облысында М. Ықсанов атындағы политехникалық колледжі;
- Маңғыстау облысында Ақтау қаласы Энергетикалық колледжі және Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің ғимараты;
- Оңтүстік Қазақстан облысында Жастар ресурстық орталығына құжат тапсыру керек.