Елімізде ескі көліктерге салық төлеуді міндеттейтін қаулы күшіне енді

Шекара асып шетелден жеңіл, жүк көліктерін сатып әкелгендердің салығы 300 мың теңгеден басталып 2 миллионға дейін барады. Ал темір тұлпар Қазақстаннан алынса, утилизацияға ақшаны жүргізуші емес, отандық зауыт төлеуі тиіс. Дау тудырған жаңа қаулыны Энергетика министрлігі экологияны ойлаған соң барып отыр екен. Себебі елде 2 жарым миллионнан астам ескі көлік тіркелген. Бір қызығы, Қазақстанда утилизация жасайтын бірде-бір зауыт жоқ. Тек кейбір облыстарда көне көліктерді бөлшектейді. Онда да доңғалақ пен аккумуляторды ауыстырумен шектеліп жүр. Енді шенеуніктер утилизациямен ортақ оператор айналысады дейді.

Дереккөзktk.kz