Қазақстан иммиграция үшін ең тиімді елдердің қатарына кірді

U.S.News басылымының сарапшылары иммиграция үшін ең тиімді елдердің рейтингін жасады. 

Фото: Тұрар Қазанғапов, Tengrinews.kz

Рейтинг жасау кезінде сарапшылар 80 елдің экономикалық тұрақтылығы мен еңбек нарығын зерттеген. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік банктің миграция жөніндегі ақпараттары назарға алынды.

Соның нәтижесінде Қазақстан 46-орынға жайғасты. Тізімде посткеңестік елдерден Ресей (24-орын), Украина (31-орын), Беларусь (38-орын),  Латвия (56-орын), Әзірбайжан (61-орын) бар.

Рейтингтің басында көшіп келушілер үшін ең тиімді елдер ретінде Швеция, Канада, Швейцария, Австралия, Германия, Норвегия, АҚШ, Нидерланды, Финляндия мен Дания елдері тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version