Рейтинг жасау кезінде сарапшылар 80 елдің экономикалық тұрақтылығы мен еңбек нарығын зерттеген. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік банктің миграция жөніндегі ақпараттары назарға алынды.
Соның нәтижесінде Қазақстан 46-орынға жайғасты. Тізімде посткеңестік елдерден Ресей (24-орын), Украина (31-орын), Беларусь (38-орын), Латвия (56-орын), Әзірбайжан (61-орын) бар.
Рейтингтің басында көшіп келушілер үшін ең тиімді елдер ретінде Швеция, Канада, Швейцария, Австралия, Германия, Норвегия, АҚШ, Нидерланды, Финляндия мен Дания елдері тұр.