Egov порталында ең көп пайдаланылатын қызмет түрлері анықталды

«Танымал қызметтер бестігінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» қызметі бар», -деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл қызмет түрі жыл басынан бері 1 426 237 рет пайдаланылған.

Мекенжай туралы анықтамалар беру қызметін 10 миллионнан астам азамат қолданған. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы» анықтамалар 2 миллион рет берілген.

Ал топ бестіктің соңғы орнында тұрған «қылмыстық құқық бұзушылықтың болуы (болмауы) туралы» анықтама 855 114 рет берілген.

Бүгінгі күні электрондық үкімет порталында 237 әртүрлі қызмет пен сервис қолжетімді.

ДереккөзInform.kz