Алматы облысы аумағында тікұшақ апатқа ұшырады

Алматы облысы Ескелді ауданы мен Ақсу ауданы аумағында тікұшақ апатқа ұшыраған. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар қызметі, Ішкі істер органы бастаған бірнеше құзырлы мекеме, осы уақытта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бірақ, ешбір ресми мекеме апаттың қалай болғанын, тікұшақтың қай ауыл маңында құлағанын, қай мемлекеттік мекеме немесе жеке компанияға тиесілі екенін анықтап айтпады. Ал, тікұшақ құлағаны туралы ақпараттың түскенін Алматы облыстық Төтенше жағдайлар қызметі растап отыр.

«31 арнаның» құқық қорғау органдарындағы жеке дерек көздерінің мәліметінше, тікұшақпен Ескелді ауданына қарасты Молалы ауылы маңында 16 сағат 55 минутта байланыс үзілген. Тағы бір сенімді ақпарат көзінің айтуынша, тікұшақ Үшаралдан ұшып шыққан. Ішінде кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар әйел болуы ықтимал. Борттағы ұшқыштармен қосқанда, тікұшақта 3 немесе 4 азамат болған деген нақтыланбаған ақпарат бар. Қазіргі уақытта Ескелді, Ақсу аудандарының маңын қарап шығуға барлық күштік құрылымдар мен жедел қызметтер жұмылдырылған. Ескелді және Ақсу аудандары — Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына ең жақын аудандар.

Айта кетейік, өткен сенбі күні ғана Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшырап, оның ұшқышы өте қатты күйікпен ауруханаға түскен еді.

Дереккөз31.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Түркияның Кахраманмараш провинциясында жер сілкінді

Түркияның Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.

Amanat тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын тексереді

Amanat-тың атынан депутаттыққа кандидаттар және партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек беру үшін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте елімізде 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Amanat партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

Бүгін 20 мыңға жуық партия мүшесі, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен Amanat жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті.