Басты бет Жаңалықтар 15 шілдеден бастап ЭКСПО-ның демалыс күнгі билеттері арзандайды

15 шілдеден бастап ЭКСПО-ның демалыс күнгі билеттері арзандайды

Ертеңнен бастап ЭКСПО көрмесінің билеттері жұмыс күні де, демалыс күні де бір бағамен сатылатын болады. Бұрын жұмыс күнгі билеттердің бағасы 4 мыңнан, демалыс күні 6 мың теңгеден болатын.

Сурет: informburo.kz

Қазір кассада ЭКСПО билеттерінің 3 түрі бар. Көрмеге кірудің нақты күні көрсетілген билеттердің бағасы 4 мың теңге. Кез келген күні кіруге мүмкіндік беретін ашық даталы билеттердің құны 6 мың теңге. Бұған қоса, 2 мың теңгеден кешкі билеттер сатылады.

«Біз демалыс күндеріне арналған билетті алып тастадық. Енді сатылымда қарапайым билеттер мен кешкі билеттер ғана болады. Зейнеткерлерге, студенттер мен оқушыларға арналған 50 пайыздық жеңілдіктер өз күшінде», — дейді «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.

Осыған байланысты, 15 шілдеге дейін сатып алынып қойған билеттерге бірқатар жеңілдіктер жасалады. Мысалы, демалыс күнге ашық датасы бар билет сатып алған болсаңыз, онымен ЭКСПО-ға екі рет кіруге болады. Ал нақты күні көрсетілген билеттің үстіне 1 мың теңге қосып, тағы бір билет сатып ала аласыз.

Көрмеге кіруге арналған абонементтердің бағасы да арзандады. Енді 50 мың теңгелік абонементті 25 мың теңгеге сатып алуға болады.

Осы уақытқа дейін ЭКСПО көрмесіне жалпы саны 1,86 миллион билет сатылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version