Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін

Марапаттау рәсімі 2016 жылдың 2 ақпанында Ұлжан-1 ықшам ауданында орналасқан № 152 мектеп-гимназиясында болады.

«2015 жылдың 11 қарашасында 12 сағат 04 минутта Алматы қ. Алатау ауданының, Ұлжан-1 ықшам ауданындағы Тәкежанов көшесі бойында орналасқан № 64 тұрғын үйде өрт шығып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Үйде сол сәтте 2004 жылы туған Сатыбалды Данияр Айдынұлы, 2007 жылы туған Сатыбалды Гүлмира Айдынқызы, 2008 жылы туған Сатыбалды Динара Айдынқызы және 2012 жылы туған Сатыбалды Дамир Айдынұлы болған. Ал ересектерден ешкім болмаған. Өрт салдарынан бөлмелер түтінге тола бастаған. Сол арада Сатыбалды Данияр терезенің әйнегін сындырып, бауырларын осы терезе ойығы арқылы алып шығып, тілсіз жаудан құтқарып қалады. Ең соңынан терезе арқылы өзі шығып жатқан сәтте сол жақ жамбасынан жарақат алады. Кәмелетке толмаған Сатыбалды Данияр Айдынұлының дер кезінде жасаған батыл іс-әрекетінің арқасында кәмелетке толмаған үш баланың өмірі аман алып қалынды.

Адам өмірін құтқаруда ерлік және жанқиярлық танытқаны үшін Сатыбалды Данияр Айдынұлы ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды», – делінген хабарламада.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!