Басты бет Жаңалықтар Смартфон шығаратын компания банкротқа ұшырады

Смартфон шығаратын компания банкротқа ұшырады

Британдық Vertu компаниясы ең қымбат смартфондар шығаратын бренд саналады. Аталған компанияның басшылары несие берушілермен келісімге келе алмады. Компанияның қарызы 128 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл туралы The Financial Times хабарлады.

Компания Ұлыбританиядағы фабрикасын жабуға мәжбүр. Демек, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалады деген сөз.

Фабрика жабылғанымен, Vertu брендін, технологиясын, дизайнын және лицензияларын сақтап қалуға ниетті.

Компания басшысы Хакан Узан болашақта компанияны қайта қалпына келтіремін дейді

Vertu  компаниясын Baferton наурыз айында ғана сатып алған болатын. Соңғы бес жылдықта компания басшылығы үшінші ауысып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version