Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Жел күшейіп, оңтүстік-батыста тұман түседі. Тек батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысында да бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.