Астанадағы Республика даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Республика даңғылы бойынша А. Иманов көшесінің учаскесінен Самал шағын ауданының автомобиль жол айрығына дейін жөндеу жүргізіледі.

Көлік жолдарында орташа жөндеу жұмыстары 14-17 шілде аралығында жүргізіледі, деп хабарлады қаланың медиа орталығы.

Осыған байланысты «Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы» ММ елорда тұрғындары мен қонақтарына жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Сызба
©astana.gov.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version