Басты бетШымкент 2020...

Шымкент 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы болады

XXV астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясы барысында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, қалалардың әлеуетін дамытуға бағытталған «Достастықтың мәдени астаналары» бағдарламасы  тиімді нәтиже көрсеткен.

«Достастықтың мәдени астанасы 2020 жылы Шымкент болады», — деді Роман Василенко.

Достастықтың мәдени астаналары жобасы 2010 жылы өзекті ретінде ТМД-дағы тарихи-мәдени мұра жылы аясында көтерілді. Әр жылдары ТМД-ның астаналары Астана (Қазақстан), Габала (Азербайжан), Могилев (Беларусь) болып таңдалған.

ДереккөзSputniknews.kz