Астана сахнасында итальян эстрадасының əншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, «Ricchi e poveri» тобы жəне «Hit Italy» өнер көрсетіп, 80-ші жылдардың хит əндерін шырқайды. Олардың ішінде: «L’italiano», «Solo noi», «O Sole mio», «Sarà perché ti amo», «Mamma Maria», «Jamaica» жəне басқа да туындылар бар, деп хабарлайды қалалық медиа орталық.
Концерт 19 шілде күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Ол халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.