Қоғамдық көлік түріне жататын электроавтобустар Европаның Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург қалаларымен қоса, Алматыда тестілік сынақтан өткен.
Аталмыш көліктер видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар.
Болашақта Алматыда электробустарды жинау үшін қазақстандық компания мен неміс өндірушісінің арасында келісім жасалған.
Электроавтобустар жаңа технология бойынша жеңіл балқытылған каркастан жасалған. 18 метрлік автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған. 120 жолаушыға арналған автобустар бір рет қуат алған соң 300 км жол жүреді. Бұл орта есеппен сегіз сағатқа жетеді.
Айта кетейік, Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Еуро-5 стандартты 300 жаңа автобус алу үшін 11,5 млрд теңге бөлді. 10 шілдеден бастап қалаға қосылған елді мекендердегі көлік жүйесін жақсарту мақсатында жаңа автобус бағыттары ашылды. Осы істі жүзеге асыру үшін Еуро-4 стандартындағы дизельмен жүретін 45 автобус алынды. ЛИАЗ маркалы 15 автобус та жолаушы тасымалдайтын болады.