Басты бетҚоғамҚазақстанда тегін...

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық көмек кімдерге беріледі?

Медицина тілінде ТМККК деп аталатын термин, бұл — тегін медициналық көмектің кепілді көлемі. Алайда, тегін көмек бәріне бірдей берілмейді.

Инсультпен күрес дәрігерТМККК-ге қандай көмек түрлері жатады?

— жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация

— амбулаторлық-емханалық көмек

— алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша,  шұғыл айғақтар бойынша – жолдамаға қарамастан, стационарлық медициналық көмек

— қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту

— халық санаты үшін паллиативтік көмек пен мейіргер күтімі

— сот-медициналық сараптамасы

— ЖИТС жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету

— шұғыл, төтенше жағдайларда ауруларға медициналық көмек көрсету

— медициналық тексеруден өткізудің түрлері: жақ сүйек-бет маңайы патологиясымен туған балаларға ортодонттық көмек

— экстракорпоральді ұрықтандыру

— жұқтыру қаупі бар балаларды «Б» және «С» вирустық гепатитіне тексеру

— жүкті әйел мен тісі жіті ауырсынған емделушілерге көрсетілетін ортодонттық көмектен басқа, 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек

—  18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапевтік көмек жатады.

Дәрі-дәрмектер аптечкаТегін дәрілерді қай жерден алуға болады?

Әрбір ҚР азаматы дәрілерді тегін және жеңілдікпен алуға мүмкіндігі мол. Дәрілер дәрігердің немесе арнайы маманның жазып берген анықтамасы бойынша беріледі. Оны жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін көрсету арқылы алуға болады. Мемлекет тарапынан бөлінетін тегін дәрілердің мекен-жайларын осы жерден білуге болады.

Медицина, дәрігер, рентгенДәрі-дәрмек қандай жағдайда тегін беріледі?

Елімізде дүниеге келген сәбиге медициналық дәрі қобдишасы таратылады. Сонымен бірге, бір жыл бойы анасының жағдайына байланысты балаға ана сүтін алмастырушы тағам беріледі.

0 жастан 5 жасқа дейінгі балалар және ересектерге мына диагноздар бойынша тегін және жеңілдікпен дәрі-дәрмек беру қарастырылған:

жіті фарингит;

— бронхит, тонзиллит

— жеңіл дәрежедегі пневмония

— темір тапшылығы анемиясы, рахит.

Ал төмендегі диагноз бойынша диспансерлік есепте тұрған ересектерге тегін дәрілер беріледі:

— аритмия

— пневмония

— бронх демікпесі

— қант диабеті

— қантсыз диабет

— аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшалары протезделген науқастар

— Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА)

— артериалық гипертензия

— созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ)

— өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы

— асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруы

— Крон ауруы және бейспецификалы ойық жаралы колит

— онкология

— ағзалар мен тіндерді ауыстырғаннан кейінгі жағдай

— ревматоидтық артрит

— ювенильдық артрит

— остеоартроз

— гипотиреоз, гипопаратиреоз, иреотоксикоз

— акромегалия

— В және С вирустық гепатиті

— кистозды фиброз (Муковисцидоз)

— реналдық анемия мен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі

— аутоиммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы

— шашыранды склероз

— онкология.

Дереккөзegov.kz